Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот по Иртышскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот по Иртышскому району
- Атауы (қаз.)
- Ертіс ауданы бойынша Мүгедектерді қоспағанда дене шынықтыру–сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 215/6
- Қабылданған күні
- 22.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2015 92943_62854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PG004661
- ЭКБ идентификаторы
- 92943
- Редакция идентификаторы
- 92943_62854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:00
0 Ертіс ауданы бойынша
Мүгедектерді қоспағанда
дене шынықтыру–сауықтыру
қызметтерін тегін немесе
жеңілдікті шарттармен
пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі,
сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шыңықтыру және спорт туралы» Заңының 48 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шыңықтыру- сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін;
2 2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы қол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ертіс ауданы бойынша Мүгедекетерді қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
Аудан әкімінің
2015 жылғы «22» шілдедегі
№ 215/6 қаулысымен
бекітілді
Ертіс ауданы бойынша
Мүгедекетерді қоспағанда
дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті
шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі, сондай-ақ
жеңілдіктер мөлшері
№
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1.
7 жасқа дейінгі балалар
тегін
2.
Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар
тегін
3.
Балалар үйінен оқушы-балалар
тегін
4.
Спорт ардагерлері
тегін
5.
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
6.
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
7.
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік