О присвоении наименований безымянным улицам сел Яик, Донецк и Кабылтобе Федоровского сельского округа Теректинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований безымянным улицам сел Яик, Донецк и Кабылтобе Федоровского сельского округа Теректинского района
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Жайық, Донецк және Қабылтөбе ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 24.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2015 92944_Some(19656).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZLR03998
- ЭКБ идентификаторы
- 92944
- Редакция идентификаторы
- 92944_Some(19656)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:57
0 Теректі ауданы Федоровка ауылдық
округінің Жайық, Донецк
және Қабылтөбе ауылдарының
атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Жайық, Донецк және Қабылтөбе ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Федоровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Жайық, Донецк және Қабылтөбе ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2 2. Федоровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н. Бисенгалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Федоровка ауылдық округі әкімінің
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 17 шешіміне қосымша
Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Жайық, Донецк және
Қабылтөбе ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары
1 1. Жайық ауылы бойынша:
«1 К» жобалық көшесі – «Мейрам» көшесі;
«2 К» жобалық көшесі – «Шабыт» көшесі;
«3 К» жобалық көшесі – «Бейбітшілік» көшесі;
«4 К» жобалық көшесі – «Желтоқсан» көшесі;
«5 К» жобалық көшесі – «Шапағат» көшесі;
«6 К» жобалық көшесі – «Атамекен» көшесі;
«7 К» жобалық көшесі – «Көкжиек» көшесі.
2 2. Донецк ауылы бойынша:
«1 К» жобалық көшесі – «Достық» көшесі;
«2 К» жобалық көшесі – «Бірлік» көшесі;
«3 К» жобалық көшесі – «Береке» көшесі;
«4 К» жобалық көшесі – «Ынтымақ» көшесі;
«5 К» жобалық көшесі – «Бейбітшілік» көшесі.
3 3. Қабылтөбе ауылы бойынша:
«1 К» жобалық көшесі – «Береке» көшесі;
«2 К» жобалық көшесі – «Атамекен» көшесі.