Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 29.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2016 92990_204763.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NO005807
- ЭКБ идентификаторы
- 92990
- Редакция идентификаторы
- 92990_204763
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:54
0 Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандарға жиырма бес
пайызға жоғарылатылған лауазымдық
айлықақылар мен тарифтік
ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 қазандағы № 184 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лаузымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4295 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған);
аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 224 «Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қазандағы № 184 «Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған).