Об определении лицензиаров по осуществлению лицензирования деятельности по производству препаратов ветеринарного назначения и по проведению ветеринарно-санитарной экспертизы продукции и сырья животного происхождения
Қолданыста
Қаулы
·№ 645
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении лицензиаров по осуществлению лицензирования деятельности по производству препаратов ветеринарного назначения и по проведению ветеринарно-санитарной экспертизы продукции и сырья животного происхождения
- Атауы (қаз.)
- Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру жөніндегі және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарларды айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 645
- Қабылданған күні
- 14.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2015 92996_89184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000645
- ЭКБ идентификаторы
- 92996
- Редакция идентификаторы
- 92996_89184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:41
0 Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру жөніндегі және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауды
жүзеге асыру бойынша лицензиарларды айқындау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.
2 2. «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78,
1027-құжат) күші жойылды деп танылсын.