Құжат мәтініне өту

Об установлении базовой ставки платы за земельные участки на территории города Алматы

Қаулы · № 3/464 · қабылданған 23.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93046/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении базовой ставки платы за земельные участки на территории города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 3/464 ·23.07.2015
23.07.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении базовой ставки платы за земельные участки на территории города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 3/464 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении базовой ставки платы за земельные участки на территории города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/464
Қабылданған күні
23.07.2015
Көрсетілген редакция
23.07.2015 93046_20203.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15R0001197
ЭКБ идентификаторы
93046
Редакция идентификаторы
93046_20203
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:59

0 Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Алматы қаласында жеке меншікке беру кезінде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары бір шаршы метріне 6200 (алты мың екі жүз) теңге көлемінде белгіленсін.

2

2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 11 шешімінің және Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 1/60 «Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 928 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірдегі «Алматы ақшамы» газетінде № 44 санында және 2012 жылғы 14 сәуірдегі «Вечерний Алматы» газетінде № 47 санында жарияланған).

3 3. Осы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналды меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына Б.Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

4 4. Алматы қаласы мәслихатының аппараты маслихата нормативтік құқықтық актінің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5 5. Алматы қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы және Алматы қаласы мәслихаты шешімі әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Енгізді:
Алматы қаласы Жер
қатынастары басқармасы
басшысының м.а.
Н. Кулболдинов
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары
Б. Сауранбаев
Алматы қаласы
Сәулет жане қала құрылысы
басқармасы басшысы
Г. Садырбаев
Алматы қаласы Экономика және
бюджетті жоспарлау
басқармасы басшысының м.а.
М. Қиқымов
Алматы қаласы Қаржы
басқармасы басшысы
А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы мемлекеттік
кіріс департаментінің басшысы
М. Сұлтанғазиев
Алматы қаласы Әкімі аппаратының
Заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова

Қолданыстағы