Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление инновационных грантов на коммерциализацию технологий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление инновационных грантов на коммерциализацию технологий"
- Атауы (қаз.)
- "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 656
- Қабылданған күні
- 28.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.10.2020 93067_485609.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011610
- ЭКБ идентификаторы
- 93067
- Редакция идентификаторы
- 93067_485609
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:52
0 «Технологияларды
коммерцияландыруға арналған инновациялық
гранттарды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін
бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілген қызметтер регламенті бекітілсін.
2
2. «Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 82 бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 12 мамырдағы жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 9338 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2014 жылы 21 мамырдағы №72 (2540) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 656 бұйрығымен
бекітілген
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз жүзінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі технологияларды коммерцияландыруға арналаған инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірі 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 11521 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінім беру болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оны іске асыру мерзімі:
1 1) қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен ұсынылған құжаттардың толықтығына және Қағидалар талаптарына сәйкестігіне өтінімді тексеруі және қабылдауы – 30 (отыз) минут;
қызмет алушы толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда өтінімді қабылдаудан бас тарту;
қызмет алушының құжаттары сәйкес келген жағдайда кеңсе қызметкерінің өтінімді тіркеуі мен өтінімдерді қабылдау мен сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – жауапты бөлімше) басшысына өтінімді беру;
2 2) жауапты бөлімшенің басшысымен жауапты бөлімшенің орындаушысын анықтау – өтінім келіп түскен күннен бастап 45 (қырық бес) минут;
3
3) жауапты орындаушы өзінің құзыреті шегінде технологиялық және қаржы-экономикалық сараптамаға жауапты құрылымдық бөлімшелерді тарта отырып, өтінімді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсаннан № 1192 бұйрығымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидаларының (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13062 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкестігіне қарастыру – 3 (үш) жұмыс күні;
Қағидалар талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапты орындаушы қызмет алушыға анықталған сәйкес келмеушіліктер туралы ескерту хатын жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
Қағидалар талаптарына сәйкес келген жағдайда жауапты орындаушы технологиялық сараптаманы өткізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге өтінімді жібереді – 1 (бір жұмыс күні);
4 4) технологиялық сараптама өткізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің технологиялық сараптама өткізуді қамтамасыз етуі – 25 (жиырма бес) жұмыс күні;
технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған жағдайда өтінім одан әрі қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамаларды өткізусіз Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) инновациялық гранттарды беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қарастыруға жіберіледі;
технологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда одан әрі қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалар өткізуге жіберіледі;
5 5) сараптамаларды жүргізу үшін жауапты тиісті құрылымдық бөлімшелермен қаржы-экономикалық және құқықтық сараптаманы параллельді түрде өткізу – 20 (жиырма) жұмыс күні;
6 6) жауапты бөлімшенің орындаушысымен технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалардың нәтижелері бойынша кешенді қорытындыны және өтінім материалдарын Комиссияның қарауына жіберуі – 3 (үш) жұмыс күні;
7 7) Комиссия отырыстарында өтінімдерді қарастыру және инновациялық грантты беру немесе бермеу туралы шешім қабылдау (бұдан әрі – Комиссия) –10 (он) жұмыс күні;
8 8) жауапты бөлімшемен инновациялық грант беру туралы шарт жасасу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
6 6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) өтінімді қабылдау және құжаттардың толықтығына тексеру;
2 2) өтінімді қабылдаудан бас тарту немесе өтінімді тіркеу, жауапты орындаушыға қарастыру үшін жіберу;
3 3) өтінімді Қағидалар талаптарына сәйкестігіне тексеру;
4 4) технологиялық сараптама жүргізу;
5 5) қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамаларды паралельді жүргізу;
6 6) барлық сараптамалар нәтижелері бойынша кешенді қорытынды дайындау;
7 7) Комиссия отырысында өтінімдерді қарастыру мен инновациялық грантты беру/бермеу туралы шешім қабылдау;
8 8) Инновациялық грант беру туралы шарт жасасу немесе немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) қызмет берушінің кеңсе маманы;
2 2) өтінімді қабылдау және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
3 3) өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы;
4 4) технологиялық сараптама жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
5 5) технологиялық сараптама жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы;
6 6) қаржы-экономикалық сараптама жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
7 7) қаржы-экономикалық сараптама жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы;
8 8) құқықтық сараптама жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
9 9) құқықтық сараптама жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы;
10 10) қызмет беруші басшысының жетекішілік ететін орынбасары;
11 11) қызмет берушінің жетекшісі.
8 8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) жүйелігін және әрбір рәсімнің (іс-қимылын) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау:
1 1) қызмет берушінің кеңсе маманы өтінімді қабылдайды және құжаттардың толықтығына тексереді – өтінім келіп түскен күні 30 (отыз) минут;
қызмет алушы құжаттардың толық емес пакетін берген жағдайда кеңсе маманы өтінімді қабылдаудан бас тартады;
қызмет алушы толық құжаттар пакетін берген жағдайда өтінімді тіркеп, қабылдау мен сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жібереді;
2 2) өтінімді қабылдау және сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, өтінім келіп түскен күні, өтінімді қарастыру үшін жауапты орындаушыны анықтайды – өтінімді тіркеген күннен бастап 45 (қырық бес) минут;
3 3) жауапты бөлімшенің орындаушысы технологиялық және қаржылық-экономикалық сараптаманы өткізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшелерді өз құзіреті шегінде тарта отырып, өтінімді Қағидалар талаптарына сәйкестігіне тексереді – өтінім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні:
Қағидалар талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапты бөлімшенің орындаушысы анықталған сәйкес келмеушіліктер туралы ескерту хатын дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні;
ескерту хатын жауапты бөлімшенің басшысымен келіседі және қызмет беруші басшысының жетекішілік ететін орынбасарына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
қызмет беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасары ескерту хатына қол қояды – ескерту хаты қол қою үшін келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні;
ескерту хаты кеңсе маманына беріледі, қызмет берушінің кеңсе маманы ескерту хатын қызмет алушыға қолма-қол, электронды түрде немесе пошта арқылы жолдайды – 1 (бір) сағат;
Қағидалар талаптарына сәйкес келген жағдайда технологиялық сараптама өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
4 4) қызмет берушінің технологиялық сараптамаға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы технологиялық сараптаманы өткізу үшін жауапты орындаушыны анықтайды –2 (екі) жұмыс сағаты;
5 5) технологиялық сараптаманы өткізу үшін жауапты орындаушы технологиялық сараптаманы өткізуді қамтамасыз етеді – 25 (жиырма бес) жұмыс күні;
технологиялық сараптауда теріс қорытынды алынған жағдайда өтінім одан әрі қаржы-экономикалық және құқықтық сараптаманы жүргізусіз, инновациялық грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Комиссия қарауына шығарылады;
6 6) технологиялық сараптаудан оң қорытынды алынған жағдайда қызмет көрсетушінің сараптауды жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері қаржылық-экономикалық және технологиялық сараптауды параллельді түрде өткізеді – 20 (жиырма) жұмыс күні;
технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптаманы өткізу үшін жауапты орындаушылар сараптама қорытындыларын жауапты орындаушыға кешенді қорытындыны дайындау үшін жібереді;
7 7) жауапты бөлімшенің орындаушысы технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалардың нәтижелері бойынша кешенді қорытындыны дайындайды – 3 (үш) жұмыс күні:
кешенді қорытындыны дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні;
жауапты бөлімшенің басшысымен кешенді қорытындыны келісуден өткізеді – 1 (бір) жұмыс күні;
кешенді қорытынды мен өтінім материалдарын Комиссия мүшелеріне электрондық пошта арқылы қарастыру үшін жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
8 8) жауапты бөлімшенің орындаушысы Комиссия отырыстарын ұйымдастырады – 10 (он) жұмыс күні;
Комиссия мүшелеріне өтінім бойынша материалдармен қоса, шақыру хатын дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні;
жауапты бөлімшенің басшысымен шақыру хатын келісуден өткізеді – 1 (бір) жұмыс күні;
қызмет беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен шақыру-хатын келісуден өткізеді және оған қол қойғызады – 1 (бір) жұмыс күні;
шақыру хаты кеңсе мамамына беріледі және кеңсе маманы қызмет алушыға қолма-қол, электрондық немесе пошталық мекенжайға жібереді –2 (екі) жұмыс сағаты;
Комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастырады және Комиссия мүшелерін өтінім бойынша материалдармен қамтамасыз етеді – 3 (үш) жұмыс күні;
Комиссия отырысының хаттамасын дайындайды және Комиссия отырысында отырған мүшелеріне қолдарын қойғызады – 4 (төрт) жұмыс күні;
9 9) жауапты орындаушы инновациялық грантты беру туралы келісім-шартты жасасуды қамтамасыз етеді немесе грантты беруден бас тарту туралы ескертеді– 20 (жиырма) жұмыс күні:
инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден ынталандырылған бас тартуды дайындайды – 4 (төрт) жұмыс күні;
инновациялық грантты беру туралы шешім қабылдаған кезде Инновациялық грантты беру туралы шартын дайындайды – 10 (он) жұмыс күні;
мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жауапты бөлімшенің басшысымен келісуден өткізеді – 2 (екі) жұмыс күні;
қызмет берушінің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін келісуден өткізеді және қол қойғызады – 3 жұмыс күні;
мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін кеңсе маманына тапсырады және қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушыға қолма қол немесе пошта арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні.
9 9. Құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы процедуралар (әрекеттердің) реттілігінің суреттелуі осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетілген.
0 «Технологияларды коммерцияландыруға
арналған инновациялық гранттарды ұсыну»
мемлекеттік көрсетелген қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы