Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта города Алматы

Қаулы · № 3/477 · қабылданған 30.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93087/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта города Алматы Күшін жойған Қаулы ·№ 3/477 ·30.07.2015
27.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта города Алматы

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/477 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта города Алматы
Атауы (қаз.)
«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/477
Қабылданған күні
30.07.2015
Көрсетілген редакция
27.02.2017 93087_175714.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15R0001199
ЭКБ идентификаторы
93087
Редакция идентификаторы
93087_175714
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:52

0 «Алматы қаласы Дене шынықтыру

және спорт басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі туралы Ережені
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2 2. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) өзінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;

2 2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Алматы қаласы әкімдігінің

__2015___ жылғы «_30_» __07____
№ __3/477____ қаулысымен
бекітілді
«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы аумағындағы дене шынықтыру және спорт саласына басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2

2. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3

3. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4 4. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5 5. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6

6. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7 7. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8 8. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

9 9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление физической культуры и спорта города Алматы»

10 10. Осы Ереже «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11 11. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12 12. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісі ретінде жіберіледі.

2 2. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13

13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Алматы қаласында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру деп белгіленген.

14

14. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарымен белгіленген:

1 1) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

2 2) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

3 3) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

4 4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

5 5) «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының әкімі жүктеген және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

15

15. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Заңының 6, 7, 8, 9, 10 және 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңының 2 бабына және 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8 бабына сәйкес белгіленген:

1 1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;

2 2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында Алматы қаласы аумағында спорт жарыстарын өткiзу;

3 3) спорт түрлерi бойынша Алматы қаласы құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз ету;

4 4) Алматы қаласы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

5 5) Алматы қаласы аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

6 6) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1 разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

7

7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;

8 8) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

9 9) Алматы қаласы аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;

10 10) Алматы қаласы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсыну;

11 11) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

12 12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша Алматы қаласының құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

13 13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

14 14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

15 15) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

16 16) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;

17 17) гендерлік теңдік Стратегиясын жүзеге асырады;

18 18) Алматы қаласының әкімі арқылы және аталған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да фунцияларын жүзеге асыру.

16 16. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1 1) мемлекеттік мекемелерден, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

2 2) республикалық, өңіраралық және өзге де спорттық ic-шараларда белгіленген тәртіпте Алматы қаласының мүддесін қорғау;

3 3) қала аумағында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша, ведомстволық бағыныстылығына және меншік түрлеріне қарамастан, ведомстволық бағыныстағы және өзге де дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

4 4) өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер өткізу және келісімдер жасасу;

5 5) Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;

6 6) Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте Алматы

қаласының әкімдігі қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын ұсыну;

7 7) кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын үйлестіру, олардың қызметін әдістемелермен қамтамасыз ету, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, басқа да оқу түрлерін ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен тәжірибе алмасу;

8 8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

9 9) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беру;

10 10) өзіне бекітіліп берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;

11 11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3 3. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17

17. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18 18. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Алматы қаласының әкімі өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19 19. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20 20. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

1 1) «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді.

2 2) «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі өз орынбасарлары мен бөлім басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

3 3) «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;

4 4) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5 5) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;

6 6) «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

7 7) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

8 8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

9 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21 21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi.

4 4. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi

22 22. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23 23. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24

24. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5 5. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25 25. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы