Об утверждении границ ценового зонирования земель и поправочных коэффициентов к базовой ставке платы за земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении границ ценового зонирования земель и поправочных коэффициентов к базовой ставке платы за земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жерлердің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 356
- Қабылданған күні
- 23.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 93091_161624.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001202
- ЭКБ идентификаторы
- 93091
- Редакция идентификаторы
- 93091_161624
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:59
0 Жерлердің бағалау аймақтарының
шекараларын және жер учаскелері үшін
төлемақының базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11 бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Алматы қаласындағы жерлердің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXX сессиясының «Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 маусымдағы № 351 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 751 рет санымен тіркелген, 2007 жылғы 4 тамыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 96 санында және 2007 жылғы 4 тамыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 195 санында жарияланған);
2
2) ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясының 2008 жылғы 20 тамыздағы № 139 «ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХ сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 351 «Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 794 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 20 қарашадағы «Алматы ақшамы» газетінің № 132 санында және 2008 жылғы 25 қыркүйектегі «Вечерний Алматы» газетінің № 117 жарияланған);
3
3) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 166 «III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXX сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 351 «Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 805 санымен тіркелген, 2009 жылғы 31 қаңтардағы "Алматы Ақшамы" газетінің № 12 және 2009 жылғы 31 қаңтардағы «Вечерний Алматы» газетінің № 12 жарияланған);
4
4) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 357 «ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXХ сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 351 «Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы” шешіміне өзгертулер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 862 тіркелді, 2010 жылғы 6 қарашадағы «Алматы Акшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде №139 жарияланған).
3 3. Осы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының Қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
4 4. Алматы қаласы мәслихатының аппараты нормативтік құқықтық актінің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Енгізді:
Алматы қаласы Жер
қатынастары басқармасы
басшысының м.а.
Н. Кулболдинов
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары
Б. Сауранбаев
Алматы қаласы
Сәулет жане қала құрылысы
басқармасы басшысы
Г. Садырбаев
Алматы қаласы Экономика және
бюджетті жоспарлау
басқармасы басшысының м.а.
М. Кикимов
Алматы қаласы Қаржы
басқармасы басшысы
А. Абдыкадырова
Алматы қаласы мемлекеттік
кіріс департаментінің басшысы
М. Султангазиев
Алматы қаласы Әкімі аппаратының
Заң бөлімінің басшысы
А. Касымова
10
11 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХLІ сессиясының
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 356 шешіміне 2 қосымша
Алматы қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№№ зон
Әкімшілік аудандар және аймаққа кіретін кадастр
кварталдарының номері
Түзету
коэффициенті
I
Алмалы (001-022, 042-048)
Бостандық (003-011, 028-031)
Медеу (001-002, 011-017, 019-021, 024-029, 046-047, 058, 904, 912, 923, 934, 936-938)
1.50
II
Алмалы (023-027, 041)
Әуезов (030-033, 057-059)
Бостандық (001-002, 012-023, 032-045, 048, 052, 054)
Медеу (003, 009-010, 018, 022-023, 048, 905, 914, 928-930, 932-933, 939-943, 945)
1.33
III
Әуезов (039-056, 060-064)
Бостандық (046, 049-051, 053, 056)
Жетісу (008-013, 023-037, 061-067)
Медеу (004-008, 030-045, 049,059-060, 063, 067, 070, 072, 075, 903, 906-911, 915-916, 921-922, 931, 935)
Алатау (022-027, 059-065)
Наурызбай (013-014, 025-027)
1.20
IV
Бостандық (047, 055, 057-062)
Жетісу (002, 006-007, 040, 042, 058-060)
Медеу (050-057, 064-066, 071, 074, 076, 901-902, 913, 917-920, 944)
Турксіб (041-044, 070-071, 073-074, 079-083, 088-099, 904-906)
Алатау (017-019, 048, 051-057)
Наурызбай (003-007, 012, 015-016, 019-024, 028, 038, 039)
1.03
V
Жетісу (001, 021-022, 038-039, 041, 048-057)
Медеу (061-062, 068-069, 073)
Турксіб (008-016, 031, 034, 037-040, 045-050, 056-059, 067-068, 075-078, 084-087, 101, 103-107, 902-903)
Алатау (009-016, 040-042, 044-047, 049-050, 068-070)
Наурызбай (001-002, 008-011, 017-018)
0.87
VI
Жетісу (043-047, 068-070)
Турксіб (001-007, 017-024, 029-030, 032-033, 035-036, 102)
Алатау (002-008, 020-021, 034-039)
0.79
VII
Медеу (068-069, 073, 924-927)
Алатау (001, 028-033, 043, 066-067, 071-072)
Наурызбай (029-037, 040-041)
0.68