Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 233 · қабылданған 21.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93130/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 233 ·21.08.2015
18.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 233 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
233
Қабылданған күні
21.08.2015
Көрсетілген редакция
18.01.2016 93130_48651.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NP005845
ЭКБ идентификаторы
93130
Редакция идентификаторы
93130_48651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:38

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Исмаиловқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Аудандық мәслихаттың хатшысы
_______________ З. Алдажуманова

4 Аудан әкімдігінің

2015 жылғы «21» тамыздағы
№ 233 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) басшы;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) әлеуметтік қызметкер;

4 4) жұмыспен қамту орталығының маманы.

2 2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) басшы, директор, меңгеруші;

2 2) басшының, директордың орынбасары;

3 3) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;

4 4) оқытушы;

5 5) педагог-психолог, психолог;

6 6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

7 7) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

8 8) әдістемеші;

9 9) өндірістік оқыту шебері;

10 10) аға жетекші, жетекші;

11 11) әлеуметтік педагог;

12 12) логопед-мұғалім, логопед;

13 13) кітапхана меңгерушісі;

14 14) кітапханашы;

15 15) қосымша білім беру педагогы;

16 16) тәрбиеші;

17 17) медициналык бике;

18 18) музыкалық жетекші;

19 19) емдік дене шынықтыру кабинетінің маманы.

3 3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) басшы, директор;

2 2) бөлім меңгерушісі;

3 3) музыкалық жетекші;

4 4) аға кітапханашы, кітапханашы;

5 5) библиограф;

6 6) мәдени ұйымдастырушы;

7 7) аккомпаниатор;

8 8) аға әдістемеші, әдістемеші;

9 9) редактор;

10 10) оқытушы.

4 4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) директор;

2 2) директордың орынбасары;

3 3) медициналық бике;

4 4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.

5 5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) мал дәрігері;

2 2) ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы