Об изменении границ некоторых сельских округов и образовании новых административно-территориальных единиц Зерендинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ некоторых сельских округов и образовании новых административно-территориальных единиц Зерендинского района
- Атауы (қаз.)
- Зеренді ауданының жекелеген селолық округтерін өзгерту және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С-7-12/73
- Қабылданған күні
- 11.04.2001
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 9314_303653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01B000592_
- ЭКБ идентификаторы
- 9314
- Редакция идентификаторы
- 9314_303653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:52
0 Зеренді ауданының жекелеген ауылдық округтерін өзгерту және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерін құру туралы
📌 Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосы», «селосына», «селосының», «селолары», «селоларын» деген сөздер «ауылдық», «ауылдарының», «ауылы», «ауылына», «ауылының», «ауылдары», «ауылдарын» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 шешімімен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Зеренді ауданының әкімі мен аудандық мәслихатының пікірін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
1 1. Троицкое, Қарсақ, Үлгілі, Ново-Ефремовка, Ермаковка, Подлесное, Өндіріс, Кеңөткел ауылдарының шекараларында Троицкое ауылдық округі құрылсын, округ орталығы Троицкое ауылы.
2 2. Қарсақ, Үлгілі, Ново-Ефремовка, Ермаковка, Подлесное, Өндіріс ауылдары елді-мекендерінің шекараларын алып тастау арқылы Зеренді ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін. Ауылдық округтың құрамына Қошқарбай, Айдарлы ауылдарының елді-мекендері шекараларымен енгізілсін.
3 3. Қошқарбай, Айдарлы, Кеңөткел ауылдарын шекараларымен құрамынан шығару арқылы Шағалалы ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
4
4. Краснояр ауылының шекарасы Көкшетау қаласының құрамына берілуіне байланысты, бұрынғы Көкшетау облысы әкімі мен облыстың мәслихатының 1997 жылғы 30 сәуірдегі № С-13/4-1 бірлескен шешімінің негізінде Краснояр ауылдық округінің орталығы Симферополь ауылына ауыстырылсын, оған Симферополь, Бұлақ, Жолдыбай, Озерное ауылдарының шекаралары енгізіліп, Симферополь ауылдық округі атауы берілсін.