О регламенте акимата Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының регламенті туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 20.01.2005 № 13 қаулысымен.
«Қазакстан Республикасында жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазакстан Республикасының 23.01.2001ж. Заңының 26 бабын және «Облыс (республикалык маңызы бар кала, астана) және аудан (облыстык маңызы бар қала) әкімияттарының үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 каулысын жүзеге асыру максатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Солтүстік Қазакстан облысы әкімиятының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкімі аппаратының басшысына (Әкімханов) осы регламент әділет баскармасына мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Петропавл қаласынын және аудан әкімдеріне бір айлык мерзім ішінде акімияттың осыған ұқсас регламенті әзірленсін, олардың әділет баскармасында тіркелуі камтамасыз етілсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының
2001 жылғы «23» мамыр № 19
каулысымен бекітілген
Солтүстік Қазакстан облысы әкімиятының регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық әкімият (бүдан әрі - әкімият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарынын бірыңгай жүйесіне кіреді, аткарушы өкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын Солтүстік Қазакстан облысының даму мүдделерімен және қажеттіліктерімен ұштастыра жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкімияттың қүрамын әкімінің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан (бұдан әрі атқарушы органдар) әкім қалыптастырады.
Әкім әкімият мүшелерінің санын айқындайды.
Әкімияттың дербес құрамы облыстык мәслихат сессиясынын шешімімен келісіледі.
Тармақ 3
3. Әкімияттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасынын Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінін аппараты (бұдан әрі - аппарат) әкімияттың кызметін ақпараттық-талдауды, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдык-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімияттын іс кағаздарын жүргізу және әкімиятқа түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазакстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және облыс әкімі (бүдан әрі - әкім) бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімияттың және әкімнің қарауына енгізілетін актілер жобаларының өтуінің осы Регламентпен белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жүмысты жоспарлау
2. Жүмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Әкімият мүшелерінің және облыс әкімі аппаратынын құрылымдык бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша әкімияттың мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тізбесін ұйымдык-инспекторлык бөлім жасайды.
Әкімияттың мөжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін әкім бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімият мүшелеріне, сондай-ак кажет болган жағдайда, атқарушы органдардын басшыларына, қалалардың, аудандардың әкімдеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.
Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде тізбеден жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды баска да мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3. Әкімияттың мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
3. Әкімияттың мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Әкімияттын мәжілістері айына бір реттен артық өткізілмейді және оны әкім шақырады.
Тармақ 9
9. Әкімияттың мәжілістерінде әкім, ол болмаған кезде - әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалык етеді.
Тармақ 10
10. Әкімияттың мәжілістері, әдетте, ашык болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажетті болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімияттың жабык мәжілістерінде каралуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімияттың мәжілісі, егер оған әкімият мүшелерінің үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.
Әкімияттың мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкімияттын катысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкім бекіткен тізбе бойынша әкімияттын мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаттары, аудандардың, калалардың әкімдері, сондай-ак орталык атқарушы органдардың аумактык бөлімшелерінін басшылары және озге лауазымды түлғалар - кеңесші дауыс кұқығымен катыса алады.
Тармақ 13
13. Аппараттың және аткарушы органдардын әкімияттың мәжілістерінде каралуға тиісті мәселелерді дайындауда мынандай талаптарды сактай отырып жүзеге асырылады:
қолы осы органның ресми көзқарастарын растау болып табылатын құжатты енгізетін органнын бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға (бұдан әрі - бірінші басшы) әкімияттың мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама кояды:
әдетте, қаулы жобасы мен анықтама 2 аралық арқылы басылған мәтінің 5 парағынан аспауға тиісті;
әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиісті;
әкімияттың мәжілісіне енггзілетін материалдарға, қажет болған жағдайда қосымша акпараттык мәліметтер коса беріледі;
талкыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шакырылғандардың тізімін айкындауды және нактылауды каулы жобасын әзірлеушілер жүзеге асыралы. Әкімият мүшелерінің түгел қатысуын құжаттамалык қамтамасыз ету бөлімі, шақырылғандарды - әкімияттың мәжілісінде қаралатын мәселелер оның құзіретіне жататын болса онда, атқарушы органдар және аппараттың құрылымдык бөлімшелері қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Аппарат басшысы қол койғаннан кейін тарату көрсеткішіне сай, құжаттамалык қамтамасыз ету бөлімі мәжілістін күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен, не оны алмастыратын тұлғамен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды мәжіліске дейінгі үш күнде әкімияттын мүшелеріне және шакырылғандарға, ал қажет болған жағдайда, баска да лауазымды тұлғаларға таратады.
Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Әкімнін тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімияттың мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін, не әкімият мүшелерінің үштен екі бөлігі принципін сактай отырып, сүрау жолымен кабылданады.
Тармақ 15
15. Әкімияттын мәжілісіне қатысатын лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардын сөйлеген сөздерінін негізгі мазмұны, ескертулер және әкімият мүшелері қабылдаған қаулы көрсетілетін хаттама жүргізеді. Әдетте, мәжілістің стенографиясы жүргізіледі, мәжілістерде каралатын мәселелер ақпараттык магнитті лентаға немесе электронды тасымалдаушыларға жазылады.
Қүжаттамалык камтамасыз ету бөлімі әкімияттың мәжілісі аяқталған күннен бастап бес күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама соғады жоне мәжілісте төрағалық етуші кол кояды.
Әкімият мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Қажет болған жағдайда хаттамалар немесе олардын көшірмелері оларға кол койылған күні әкімият мүшелеріне, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген баска органдарға және лауазымды тұлғаларға таратылады. Таратудын тізбесі күжаттамалык камтамасыз ету бөлімінің меңгерушісімен бекітеді.
Әкімият мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ак олардын құжаттары кұжаттамалык камтамасыз ету болімінде еакталады.
Әкімият мәжілістерінін хагтамалары және олардың кұжаттары уақытша сактау мерзімдері өткеннен кейін мүрагатка откізіледі.
Тарау 4. 4. Әкімият пен әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеудің тәртібі.
4. Әкімият пен әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеудің тәртібі.
Тармақ 16
16. Мынандай жағдайларда:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімияттын кұзіретіне кіргенде:
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында алауыздық туындаған кезде:
Тармақша 3
3) мәселенің шешілуі жергілікті атқарушы органдардың және орталык атқарушы органдардың аумақтык бөлімшелерінің кызметін үйлестіруді талап еткенде, әкімиятқа тиісті қаулы қабылдауы үшін оның атына аткарушы органдар ұсыныс енгізеді.
Тармақ 17
17. «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазакстан Республикасының Заңдарына, облыс әкімімен 13.11.2000ж. бекітілген, облыс әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындау Ережелерімен және осы Регламентке сәйкес аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімият қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бүдан әрі - жобалар) дайындауды жүзеге асырады.
Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын тұлғалар кол койған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жобаның келісу парағында «ескертулермен» деген белгі болған кезде алауыздықтар туралы бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын тұлғалар кол койған қажетті түсіндірмелерімен аныктама тіркеледі.
Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында алауыздыктар туындаған кезде, қаралып отырылган мәселелердің мән-жайы кұзіретіне кіретін, әкімнің орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасарымен кеңес шакырылуы мүмкін.
Алауыздыктар жойылған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысыктайды және оны қол қоюға үсынады. Талқыланған мәселе бойынша келісімге кол жетпеген жағдайда, әкімнің орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын тұлғаға акпарат береді.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімиятка белгіленген мерзімдерде үсынылуына, сондай-ак жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігіне оны әзірлеуді жүзеге асырушы органнын бірінші басшысына дербес жауапкершілік жүктейді.
Тармақ 19
19. Жобалар міндетті түрде:
Тармақша 1
1) күзіретіне орай мүдделі атқарушы органдармен, жобаны келісудегі мұндай мүдделік қаралатын мәселелердің мән-жайын ескере отырып белгіленеді;
Тармақша 2
2) каржыландыру жобанын қаржылық мақсаттылығы мен каржыландырылуының қамтамасыз етілу мәселелері бойынша облыстык қаржы департаментімен;
Тармақша 3
3) экономикалық максаттылығы және ел мен аймактың экономикалык және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестік мәселелері бойынша - облыстык экономика баскармасымен;
Тармақша 4
4) коммуналдык меншік мәселелері бойынша - коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасы жөніндегі комитетпен келісіледі.
Тармақ 20
20. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелерін барлык мүдделі аткарушы органдармен ұйымдастырады.
Бүл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен және тіркелген сәтінен бастап 3 жүмыс күнінен аспауы тиісті.
Әкім және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.
Әкімнін, әкім орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғүрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшыларымен немесе кеңестегі (мәжілістегі) олардың орынбасарларымен жобаға бұрыштама коюы мүмкін. Бүл ретте көрсетілген лауазымды түлғалар жобаға өздерінің бүрыштама койғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобанын көшірмесін келісуге алған кезде аткарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 21
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның колы койылған жауаптың мынадай нұсқаларынын бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісілген (жоба бұрыштамасы бар)
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісілген (қоса берілуге тиісті ескертулермен бірге жобада бүрыштамасы бар);
Тармақша 3
3) жобаны келісуден бас тартылған (дәлелді бас тарту коса беріледі)
Тармақ 22
22. Келісудің мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші жобаның түпкілікті нұскасына мүдделі органдардың барлык ұсыныстарын жинактайды (ескертулерді жояды). Бүл ретте түпкілікті нұсканы дайындау процесінде әзірлеуші өзі келіскен, аткарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.
Қажет болған жағдайда әкімнің, әкімнің орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұскауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
Тармақ 23
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау кажеттілігін, әлеуметтік зкономикалық салдарын, ол кабылдаған жағдайда, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған каржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ак бұл мәселе бойынша бүрын әкімияттын және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың калай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға коса береді.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардын және жобаларға косымшалардың әр парагыпа алдын ала кол коюга тиіс.
Тармақ 24
24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімияттың қаулыларын және/ немесе әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру бойынша норма көздейді және/немесе нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырма көздейді.
Тармақ 25
25. Әзірленген (пысыкталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және корытынды дайындау үшін (бүдан әрі - сараптама) аппаратка енгізіледі.
Аппараттың құжаттамалык қамтамасыз ету бөлімінде тіркелер алдында жобаның іс кағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның іс кағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған кезде, бөлім жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге кайтаруға құқылы.
Жоба аппараттың құжаттамалык қамтамасыз ету бөлімінде тіркелгеннен кейін құрылымдык бөлімшелерде онын мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірдейлігі тексеріледі және сараптамадан өтеді. Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның аппаратта тіркелген кезінен бастап 3 жүмыс күннен аспауы тиіс.
Аппарат онын мәтіндерінін сәйкестігін тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мынандай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріне бірдей еместігі;
Тармақша 2
2) онын Қазакстан Республикасының Заңнамасына сәйкес келмейтіндігі;
Тармақша 3
3) осы Регламенттін талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
Баска желеулер бойынша теріс сараптамалык корытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердін бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Оларда мазмүндык сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкімнін орынбасарлары қажет болған кезде кеңес шақырады.
Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім кабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын тұлғаға баяндайды.
Тармақ 27
27. Әкім әкімияттың қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне кол кояды. Ол қол қойғаннан кейін кесімдердің түпнұскаларына түзетулер енгізілмейді.
Тармақ 28
28. Болім басшысы бекіткен таратуға сәйкес аппарат әкімият каулыларынын, әкім шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелері кұжаттамалык камтамасыз ету болімімен таратылады.
Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімияттың және әкімнің актілері тіркелгеннен кейін адресаттарға жонелтіледі.
Әкімият каулыларының, әкім шешімдері мен окімдерінін түпнұсқалары қүжаттамалық камтамасыз ету бөлімінде сакталады.
Құжаттамалық камтамасыз ету бөлімі құжаттардың уақытылы шығарылуына және жөнелтілетін мекен-жайларға тапсырылуына жауапкершілік жүктейді.
Тармақ 29
29. Техникалық кателері болған жағдайда әкімият қаулыларының, әкімнін шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысынын рүқсатымен ауыстырылуы мүмкін. Бүл жағдайда, бастапкыда таратылған күжаттар аппаратка кайтарылуы тиіс.
Тармақ 30
30. Әкімиятпен және әкіммен қабылданған актілерге есеп, жүйелендіру және бакылау даналарын жүргізу, оларға ағымдағы өзгерістер мен толыктырулар енгізу құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Әкімият пен әкімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралык сипаты бар немесе азаматтардын құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне катысты барлык актілері әділет органдарында тіркеуте және «Солтүстік Қазакстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде міндетті жариялауына жатады. Актілерді мемлекеттік тіркеуге таңдау аппараттын мемлекеттік-құқықтық бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Аппараттың құжаттамалык қамтамасыз ету бөлімі нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік реестріне енгізілген, актілер бағытын жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан түратындарынан баска, әкімият және әкім кабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айкындайтын тәртіппен құжаттамалык қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. 3аңнамалык актілерді, Казакстан Республикасы Президентінін, Үкіметінің, Премьер-Министрінін, әкімияттың, әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды үйымдастыру тәртібі
5. 3аңнамалык актілерді, Казакстан Республикасы Президентінін, Үкіметінің, Премьер-Министрінін, әкімияттың, әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды үйымдастыру тәртібі
Тармақ 34
34. Заңнамалык актілерді, Қазакстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімият, әкім актілерін орындауды ұйымдастыру Қазакстан Республикасы Президентінің «Қазакстан Респуб-ликасы Президентінін актілерін қол қоюга дайындау, келісу, ұсыну және Қазакстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1998 жылғы 2 казандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазакстан Республикасының озге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заңнамалык актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың, әкімнін актілері мен тапсырмалары және өз құзіреттері шеңберінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың озге де тапсырмалары бакылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заңнамалык актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілсрі мен тапсырмаларының уакытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, осылар орындауға жіберілген, аткарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 37
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін, орындаудың бір айлык мерзімі, ал «шұғыл» деген айдар болған жағдайда - он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) кідірудің себептері туралы жазбаша хабарлауға және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш беруге тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен аса жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Аппарат әкім айкындаған тәртіппен заңнамалык актілерді Қазакстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінін, әкімиятының және әкімнін актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бакылау жөніндегі кызметті ақпараттық-талдауды қамтамасыз етуді жүзігі асырады.
Тармақ 40
40. Ұйымдык-инспекторлык бөлімнің бакылау және ақпарат тобы заңнамалык актілердің, Республика Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінін, әкімиятынын және әкімнін актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы тұралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылау жөнінде жүйелі түрде әкімді құлақтандырып отырады.
Әкімнін орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалык актілерді, Республика Президентінің. Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімиятынын және әкімнің кесімдері мен тапсырмаларының орындаудың белгіленген тәртібінін өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды түлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде үсыныстар енгізе алады.