О запрещении пребывания физических лиц и об ограничении права лесопользования на территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О запрещении пребывания физических лиц и об ограничении права лесопользования на территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности
- Атауы (қаз.)
- Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 270
- Қабылданған күні
- 29.06.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2023 93172_745945.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0003295
- ЭКБ идентификаторы
- 93172
- Редакция идентификаторы
- 93172_745945
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:20
0 Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке
тұлғалардың Алматы облысының
мемлекеттік орман қорында болуына
тыйым салу және орманды пайдалану
құқығын шектеу туралы
2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабы, 63-бабына сәйкес, «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бекітілген бұйрығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының мемлекеттік орман қорында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман аумағында болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы «Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы» №184 (2014 жылдың 20 маусымында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №2755 тіркелген, «Жетісу» газетінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 73 және «Огни Алатау» газетінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 73 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.