Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Уральск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2584
- Қабылданған күні
- 14.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2015 93175_43306.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZA004001
- ЭКБ идентификаторы
- 93175
- Редакция идентификаторы
- 93175_43306
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:42
0 Орал қаласының шалғайдағы елді
мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.
2 2. Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
3 3. «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4 4. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Е.Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиевке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№2584 қаулысымен бекітілген
Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
№
Қозғалыс бағыты
Аралықтығы
1
«Ахмет Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі – Зачаган кентінің Меловые горки ауылы
11,5 километр
2
«Ахмет Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі – «Құс фабрикасы»
6,5 километр
3
«№ 12 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі – «Кумыска»
9 километр
4
«№ 12 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі –«Рыбцех»
15 километр
5
«№ 22 орта жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі – «№3 Саяжай»
13 километр
6
«Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі – Круглоозерный кентінің Серебряково ауылы
11 километр
8 Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 2584 қаулысымен бекітілген
Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысына (бұдан әрі – тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленген және Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.
2 2. Балаларды тасымалдау тәртібі
2 2. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгісі орнатылады.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.
Автобуста тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері міндетті түрде ілесіп жүруі керек.
3 3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы
Орал қаласының әкімдігімен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
4 4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.
Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
5 5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
6 6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді.
Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауы керек.
7 7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
8
8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасады.
9 9. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.
10 10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.
Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.