Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил представления органами государственных доходов сведений, составляющих налоговую тайну уполномоченному органу в области внешнеторговой деятельности

Бұйрық · № 558 · қабылданған 21.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93193/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил представления органами государственных доходов сведений, составляющих налоговую тайну уполномоченному органу в области внешнеторговой деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 558 ·21.07.2015
21.07.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил представления органами государственных доходов сведений, составляющих налоговую тайну уполномоченному органу в области внешнеторговой деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 558 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил представления органами государственных доходов сведений, составляющих налоговую тайну уполномоченному органу в области внешнеторговой деятельности
Атауы (қаз.)
Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
558
Қабылданған күні
21.07.2015
Көрсетілген редакция
21.07.2015 93193_45633.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011910
ЭКБ идентификаторы
93193
Редакция идентификаторы
93193_45633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:01

0 Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі;

2 2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне және Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 414 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 558 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі
саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын
мәліметтер тізбесі

Салық құпиясын құрайтын мәліметтер атауы
1
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жиынтық жылдық табысы туралы деректер
2
Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары жұмыскерлерінің саны туралы деректер

2 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі № 414
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі № 558
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары

1

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті органның сұратуы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының Ішкі нарықты қорғау департаменті (бұдан әрі – тергеп-тексеруді жүргізетін орган) жүргізетін арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеп-тексерулері барысында пайдалану үшін Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің электронды байланыс арнасы арқылы осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Мәліметтерді жібереді. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі болмаған жағдайда Мәліметтер «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжат түрінде жіберіледі.

3 3. Мәліметтерді беру Мәліметтерге қол жетімділігі бар лауазымды тұлғалармен ғана жүзеге асырылады. Лауазымды тұлғалардың тізбесі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

4 4. Мәліметтерге қол жетімділігі бар уәкілетті органның лауазымды тұлғалары алынатын ақпараттың тікелей мақсаты бойынша ғана және оны ұсынған тарапқа залал тигізбей, тергеп-тексеру жүргізетін органды қоспағанда, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы