Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения

Қаулы · № 246 · қабылданған 10.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93230/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Қолданыста Қаулы ·№ 246 ·10.06.2015
10.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения

Қолданыста Қаулы ·№ 246 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения
Атауы (қаз.)
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібімен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
246
Қабылданған күні
10.06.2015
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2015
Көрсетілген редакция
10.06.2015 93230_58862.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0003290
ЭКБ идентификаторы
93230
Редакция идентификаторы
93230_58862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:40

0 Облыстық және аудандық

маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль
жолдарын сыныптау тәртібі
мен шарттарын бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына  сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.

2

2. «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
А. Баталов

5 Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы «10» маусым
№ 246 қаулысымен бекітілген
Облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын
сыныптау тәртібі мен шарттары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы сыныптау тәртібі мен шарттар «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегi  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді.

2 2. Жiктеу тәртiбi және шарттары

2 2. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға пайдаланылатын ортақ автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн сыныптау жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.

3

3. Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органы) автомобиль жолын жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Алматы облысының әкімдігіне (бұдан әрi – Облыс әкімдігі) ұсыныс енгiзедi.

4

4. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде ауданның жергiлiктi атқарушы органы облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органына аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жолдайды.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органы ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды және жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы Облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органына келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда ауданның жергiлiктi атқарушы органы барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3 3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

5 5. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.

6 6. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi «К» - мен белгiленедi.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң екінші әрпi «В» - мен белгiленедi.
Автомобиль жолдарының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:
р/н

Алматы облысы аудандарының атаулары
Индекстегi әріптердің атауы
1
Ақсу ауданы
AK
2
Алакөл ауданы
AL
3
Балқаш ауданы
BA
4
Еңбекшіқазақ ауданы
EN
5
Ескелді ауданы
ES
6
Жамбыл ауданы
JA
7
Іле ауданы
IL
8
Қаратал ауданы
KT
9
Қарасай ауданы
KS
10
Кербұлақ ауданы
KE
11
Көксу ауданы
KO
12
Панфилов ауданы
PA
13
Райымбек ауданы
RA
14
Сарқан ауданы
SA
15
Талғар ауданы
TA
16
Ұйғұр ауданы
UI
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жалпыға ортақ автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң екінші әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.

Қолданыстағы