Об утверждении порядок и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядок и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
- Атауы (қаз.)
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттарын бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 10.06.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2015 93231_58866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0003291
- ЭКБ идентификаторы
- 93231
- Редакция идентификаторы
- 93231_58866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:40
0 Облыстық және аудандық
маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын ақылы
автомобиль жолдарын
және көпiр өткелдерiн пайдалану
тәртібі мен шарттарын
бекiту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары бекітілсін.
2
2. «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы «10» маусым
№ 245 қаулысымен бекітілген
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану
тәртібі мен шарттары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
2
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану – облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдары және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
3 3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
4 4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2 2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарын өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
3 3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
4 4. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы жүрудің ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
2 2) қысқы кезеңде облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
3 3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
6 6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;
7
7) облыстың жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде аудандық жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;