Құжат мәтініне өту

Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступности спортивных сооружений, находящихся в государственной собственности»

Бұйрық · № 258 · қабылданған 29.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93243/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступности спортивных сооружений, находящихся в государственной собственности» Қолданыста Бұйрық ·№ 258 ·29.07.2015
10.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступности спортивных сооружений, находящихся в государственной собственности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 258 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении минимального социального стандарта «Обеспечение доступности спортивных сооружений, находящихся в государственной собственности»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
258
Қабылданған күні
29.07.2015
Көрсетілген редакция
10.02.2025 93243_744810.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011963
ЭКБ идентификаторы
93243
Редакция идентификаторы
93243_744810
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:53

0 «Мемлекеттік меншіктегі

спорт ғимараттарының
қолжетімді болуын қамтамасыз
ету» ең төмен әлеуметтік
стандартын бекіту туралы
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты

1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі.

2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар адамдар, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с
Норманың/ нормативтің атауы
Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1.
Мүгедектігі бар адамдарға спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі,
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бюджет қаражаты есебінен
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
2.
Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер (дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелген).
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

Қолданыстағы