Об утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Басқарма) ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуге;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2209 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырдағы № 70-71 (17927-17928).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімдігінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы «30» шілдедегі
№171 қаулысымен бекітілген
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма) тұрғын халықтың аман - сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман - тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Почталық индекс 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133 «А».
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – ««Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
Тармақ 11
11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқарма кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Басқарманың миссиясы:
тұрғын халықтың аман – сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) міндеттелеген функциялар мен өкілеттікке сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функциясын атқаруға;
Тармақша 2
2) орман, су, аң шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) табиғат қорғау іс - шаралары стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру. Қоршаған ортаны қорғауға, жақсартуға, су, орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын реттеу мен тиімді пайдалануға халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басымды аймақтық - экологиялық бағдарламалар мен іс - шараларды қаржыландыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
Тармақша 2
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
Тармақша 3
3) орман мекемесінің аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс – шараларын әзірлеуді және олардың орындалуын іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай – ақ ұйымдардың өрт сөндіру техникаларын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүріп – тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) орман мекемесінің аумағындағы өрттерді сөндiру үшiн өрт қауіпі бар маусымға жанар - жағар май материалдарының резервiн жасайды;
Тармақша 6
6) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбін өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) өртке қарсы насихатты, ормандарды сақтау, орман мекемесі аумағында өрт қауiпсiздiгi ережесін орындау туралы мәселелердiң бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде көрініс тауып тұруын ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
Тармақша 9
9) орман зиянкестері мен ауруларын, олардың түр құрамын, санын және таралуын анықтау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, зиянды жәндіктер мен аурулар ошақтарының жүйелі есебін жүргізеді;
Тармақша 10
10) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс - шаралар жүргiзген кезде, сондай - ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы қаулының жобасын әзірлейді;
Тармақша 11
11) уәкілетті органға беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар әзірлейді;
Тармақша 12
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;
Тармақша 13
13) уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 14
14) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай - ақ ормандардың жай - күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
Тармақша 15
15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи - мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) биотехникалық іс – шараларды жүргізу;
Тармақша 19
19) жануарлар дүниесінің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінің жобасын бекітеді.
Тармақша 21
21) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу шешімдер жобаларын дайындайды;
Тармақша 22
22) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдердің жобаларын дайындайды;
Тармақша 23
23) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
Тармақша 25
25) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
Тармақша 26
26) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
Тармақша 27
27) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 28
28) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
Тармақша 29
29) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
Тармақша 30
30) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
Тармақша 31
31) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми – зерттеу үшін аулау, сондай – ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 32
32) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай – ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 33
33) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс - шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 34
34) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай - ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 35
35) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану - ғылыми және техникалық - экономикалық негiздемелерiнің әзiрлеу, сондай – ақ техникалық – экономикалық негіздемені түзету тәртібін;
Тармақша 36
36) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органга табыс етеді;
Тармақша 37
37) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;
Тармақша 38
38) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік -экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;
Тармақша 39
39) аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 40
40) пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізетін жұмыс тобының құрамын бекітеді;
Тармақша 41
41) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
Тармақша 42
42) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау - сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 43
43) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
Тармақша 44
44) жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай - ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
Тармақша 45
45) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
Тармақша 46
46) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының ұсынысы негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 47
47) жер қойнауын пайдаланумен байланысты экологиялық, ғылыми, тарихи - мәдени және рекреациялық маңызы бар объектiлердiң сақталуына жәрдемдеседi;
Тармақша 48
48) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 49
49) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 50
50) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 51
51) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді;
Тармақша 52
52) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамсын ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 53
53) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;
Тармақша 54
54) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
Тармақша 55
55) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 56
56) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер және меморандумдар бекітеді;
Тармақша 57
57) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 58
58) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 59
59) бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілейді;
Тармақша 60
60) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;
Тармақша 61
61) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;
Тармақша 62
62) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 63
63) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 64
64) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;
Тармақша 65
65) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі;
Тармақша 66
66) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарында ауызсу және шаруашылық – тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 67
67) су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға береді;
Тармақша 68
68) су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылықта пайдалану бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
Тармақша 69
69) бюджеттік бағдарламаның администраторы 004 «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру»;
Тармақша 70
70) бюджеттік бағдарламаның администраторы 003 «Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»;
Тармақша 71
71) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері.
Құқықтары:
Тармақша 1
1) мемлекттік сатып алудың ұйымдастырушысы болуға;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін және өзге де өсімдіктер ресурстарын пайдалануға белгіленген ережелер, нормалар мен шектеулерді сақтауды талап етуге және бұзушылықтарға жол берілген жағдайда табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы тыйым салуға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 5
5) сотта талапкер және жауапкер болуға;
Тармақша 6
6) басқармаға қарасты мекемелерді құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Міндеті:
Басқарма өз функцияларын қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) өзінің бұйрығымен мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады, сыйақылар береді, материалдық көмек көрсетеді, іссапар құжаттарын рәсімдейді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;
Тармақша 2
2) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;
Тармақша 3
3) басқарманың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) басқарманың шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыға иелік етеді;
Тармақша 5
5) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) заңда белгіленген тәртіппен басқармаға қарасты мекемелердің штаттық кестесі мен құрылымын бекітеді;
Тармақша 7
7) заңда белгіленген тәртіппен қарамағындағы мекемелердің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақша 8
8) заңда белгіленген тәртіппен қарамағындағы мекеме басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 9
9) бас бухгалтерлерін, орманшыларын, аңшылықтанушыларын, барлық санаттағы орман инженерлерін қызметке тағайындау мен босатуға келісім береді;
Тармақша 10
10) қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың директорының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 11
11) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 12
12) барлық органдарда Мекеме мүддесін қорғайды;
Тармақша 13
13) банкте есепшоттар ашады және мәмілелер жасайды.
Басқарма басшысына дербес жауаптылық белгілене отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл үшін тікелей міндет жүктеледі.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. Басқарманың заңнамадағы көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі
Тармақша 1
1) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұрыл - Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ормандарды қорғау жедел қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Байзақ ауданынының «Базарбай» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 18
18) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жамбыл ауданынының «Талас - Аса» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 19
19) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қордай ауданынының «Қордай берекесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 20
20) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Меркі ауданынының «Аспара» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 21
21) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Шу ауданынының «Тасөткел» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 22
22) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Талас ауданынының «Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 23
23) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Т.Рысқұлов ауданынының «Құлан - су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақша 24
24) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Сарысу ауданынының «Мұрап» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.