Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района
- Атауы (қаз.)
- Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 455
- Қабылданған күні
- 21.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2016 93290_59309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VP004116
- ЭКБ идентификаторы
- 93290
- Редакция идентификаторы
- 93290_59309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:02
0 Тарбағатай ауданының
шалғайдағы елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге
тасымалдаудың схемасы
мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "21" шілдедегі
№455 қаулысына 1 қосымша
Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
№
Тура бағыт
Кері бағыт
1
Аялдама: Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округінің Қарғыба ауылының Шыбынды, 60 жылдық, Училище елді мекендерінен Құмкөл ауылдық округінің Қарғыба ауылындағы «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Қарғыба ауылындағы «Ю.А. Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округінің Училище, 60 жылдық, Шыбынды елді мекендеріне дейін .
2
Аялдама: Тарбағатай ауданы, Екпін ауылдық округінің Аққала елді мекенінен «Ы.Кабеков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің Екпін ауылындағы «Ы.Кабеков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Аққала елді мекеніне дейін.
3
Аялдама: Тарбағатай ауданы Сатпаев ауылдық округіне қарасты «Бесшатыр» елді мекенінен Сатпаев ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Сатпаев ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Сатпаев ауылдық округіне қарасты «Бесшатыр» елді мекеніне дейін.
4
Аялдама: Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты «Жол құрлысы» елді мекенінен Ақмектеп ауылындағы «Ақмектеп атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылындағы «Ақмектеп атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Қарасу ауылдық округіне қарасты «Жол құрлысы» елді мекеніне дейін.
5
Аялдама: Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округіне қарасты «Қазақстан» елді мекенінен Шеңгелді ауылындағы «Қ.Сатпаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылындағы «Қ.Сатпаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Қабанбай ауылдық округіне қарасты «Қазақстан» елді мекеніне дейін.
6
Аялдама: Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округіне қарасты «Жаңа тілеу» елді мекенінен Ақжар ауылындағы «М.Ауезов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы «М.Ауезов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Ақжар ауылдық округіне қарасты «Жаңа тілеу» елді мекеніне дейін.
7
Аялдама: Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округіне қарасты «Жөке», «Келте бұлақ» елді мекендерінен Асусай ауылындағы «Асусай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.
Тарбағатай ауданы Асусай ауылындағы «Асусай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Жетіарал ауылдық округіне қарасты «Жөке», «Келте бұлақ» елді мекеніне дейін.
4 Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "21 шілдедегі"
№ 455 қаулысына 2 қосымша
Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1 1. Балаларды тасымалдау тәртібі
1 1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
2 2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) тасымалдаушыларға қатысты заңнаманың талаптарын орындаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
3 3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда лауазымды адамдардың міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
4
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
5 5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
6 6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
7 7. Нұсқауды білім беру ұйымдарында жолжүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға өткізеді.
8 8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
9 9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
1 1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2 2) жүру маршрутын өзгертуге;
3 3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4 4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5 5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
6 6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
10 10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
11 11. Көлік құралы жақындаған кезде алып жүрушілер балалардың жүгіріп шығуына және олардың жолдың жүретін бөлігінде болуына жол бермейді.
12 12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
13 13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
14 14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
15 15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
1 1) салонда тұруына және жүруiне;
2 2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3 3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4 4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5 5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6 6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7 7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
8 8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9 9) есiктердi ашуына;
10 10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
16
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: бiреуi – автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екiншiсi – автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.