Об утверждении Перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению субъектам агропромышленного комплекса на безвозмездной основе специализированными организациями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению субъектам агропромышленного комплекса на безвозмездной основе специализированными организациями
- Атауы (қаз.)
- Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9-1/666
- Қабылданған күні
- 20.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2015 93310_40286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011903
- ЭКБ идентификаторы
- 93310
- Редакция идентификаторы
- 93310_40286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:03
0 Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесi бекітілсін.
2. «Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 10-1/150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8443 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйекте № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
0 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 9-1/666 бұйрығымен бекітілген
Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен
субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесi