Об установлении охранной зоны магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении охранной зоны магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының қорғау аймағын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 238
- Қабылданған күні
- 06.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2015 93312_22547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003324
- ЭКБ идентификаторы
- 93312
- Редакция идентификаторы
- 93312_22547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:47
0 «Бейнеу-Бозой-Шымкент»
магистральды газ құбырының
қорғау аймағын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 121-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбырлар туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және облыстық жер комиссиясының 2014 жылғы 17 қарашадағы №41 хаттамасы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойынан Арыс, Түркістан қалалары, Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Сайрам және Түлкібас аудандарының аумақтары арқылы өтетін шартты желілермен шектелген, осы аймаққа кіретін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынып койылмай, жалпы көлемі 1257,4058 гектар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қорғау аймағы болып белгіленсін.
2 2. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының қорғау аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.
3 3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е. Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева
8 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «06» тамыздағы
№ 238 қаулысына
1 - қосымша
Арыс, Түркістан қалалары, Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Сайрам және Түлкібас аудандарының аумақтары арқылы өтетін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының қорғау аймақтарының жер көлемдері
№
Әкімшілік аумақтық бірлік
Қорғау аймағының көлемі, га
оның ішінде
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, га
оның ішінде:
суарылмайтын егістік, га
суарылатын егістік, га
көпжылдық екпелер, га
1
2
3
4
5
6
7
1
Арыс қаласы
12,3791
11,3518
1,3837
2
Түркістан қаласы
534,4130
496,4059
0,0094
36,7214
3
Бәйдібек ауданы
234,5534
229,9931
126,8273
8,4779
4
Ордабасы ауданы
140,5914
131,6298
24,2945
38,2495
2,9134
5
Отырар
Ауданы
71,8205
71,0342
1,8272
6
Сайрам ауданы
212,7653
198,7093
99,2273
42,8787
16,0490
7
Түлкібас ауданы
50,8831
49,3754
38,4855
4,6483
Облыс бойынша
1257,4058
1188,4995
290,2277
132,8030
18,9624
кестенің жалғасы
оның ішінде
оның ішінде
босалқы жерлер, га
орман шаруашылығы жерлер, га
су қорындағы жерлер, га
елді мекендерінің жерлері, га
басқа жерлер, га
шабындық, га
жайылым, га
8
9
10
11
12
13
14
9,9681
1,0273
0,9473
458,7278
24,7551
13,252
94,6879
3,7806
0,7797
66,1724
2,0375
6,9241
69,2070
0,7863
40,5543
14,0560
6,2416
1,5077
0,9473
745,5591
2,0375
28,5357
38,3331
9 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «06» тамыздағы
№ 238 қаулысына
2- қосымша
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының күзет аймақтарында жерді пайдалану режимі
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыр жолдарының қорғау аймақтарының шегінде:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.