Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка
- Атауы (қаз.)
- Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 763
- Қабылданған күні
- 16.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2024 93321_723637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011982
- ЭКБ идентификаторы
- 93321
- Редакция идентификаторы
- 93321_723637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:06
0
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________ И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 30 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________ Н. Әбіқаев
2015 жылғы 24 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
____________ Р. Жақыпов
2015 жылғы 23 шілде
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
16 шілдедегі № 763
бұйрығымен бекітілген
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Халықты хабардар ету адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, шаруашылық объектілері мен қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық тәртіпті қолдауға қажетті жүріс-тұрыс қағидалары, іс-қимылдар мен шаралар тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
3 3. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану ағымдағы теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтатып, телерадио хабарларын таратудың барлық желілері мен арналары арқылы бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
4
4. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдаланып халықты хабардар етуді:
1 1) азаматтық қорғау аясындағы уәкілетті орган «Азаматтық қорғау туралы» 2015 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
2 2) ұлттық қауіпсіздік органдары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
3 3) «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалатын жергілікті жердің коменданты жүзеге асырады.
5 5. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, барлық теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары үшін міндетті болып табылады.
2 2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі
6
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар мен лауазымдық тұлғалар телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радио компанияларына табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мүдделерінде бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламалардан тұратын ақпарат тасымалдағыштарды және хабардар ету техникалық құралдарын ұсынады.
7 7. Телерадио хабарларын тарату операторлары мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимылдар тәртібі телерадио хабарларын тарату операторы уәкілетті органдармен бірлесіп әзiрлейтін және бекiтетін тиісті регламенттерде айқындалады.
8 8. Уәкілетті органдардың жедел кезекшілерінен хабар алғаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасығышпен тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.
9
9. Кейінге қалдыру мүмкін емес айрықша жағдайларда төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделеріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы халықты жедел хабарландыру үшін ведомстволық техникалық теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтату құралдарымен жабдықталған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жедел кезекшілердің жұмыс орнынан, кейіннен тиісті телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпанияларға ауызша (таратуды тоқтатқан сәттен бастап он минуттан кешіктірмей) және бес жұмыс күннің ішінде жазбаша мәлімдей отырып, тікелей тоқтатылады.
Ағымдық телерадио хабарларын таратуды тоқтатудың біржолғы ұзақтығы бір сағат iшiнде екi-үш рет қайталануы кезінде бес минуттан аспайды.