Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О поощрениях акима области

Өзге акт · № 290 · қабылданған 11.12.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-9334/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О поощрениях акима области Қолданыста 11.12.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О поощрениях акима области

Қолданыста Өзге акт № 290 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О поощрениях акима области
Атауы (қаз.)
Облыс әкімінің мадақтаулары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
290
Қабылданған күні
11.12.2000
Көрсетілген редакция
11.12.2000 9334_196366.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00P000554_
ЭКБ идентификаторы
9334
Редакция идентификаторы
9334_196366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:08
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімінің мадақтаулары туралы

Барлық ұйымдастыру-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың ұжымдары мен жекелеген азаматтардың облыс алдындағы сіңірген еңбектері, экономикалық үрдіс пен әлеуметтік саланың дамуына қосқан қомақты үлестері, белсенді қоғамдық, шығармашылық және қайырымдылық қызметтері, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмыстары үшін көтермелеу мақсатында және мерейтойларға байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Облыс әкімінің мынандай мадақтау түрлері:

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы;
Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты;
Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты;
«Облыс алдында сіңірген еңбегін үшін» (омырауға тағатын) белгісі белгіленсін.

2. Мынадай:

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы туралы (1-қосымша);
Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты туралы (2-қосымша);
Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты туралы (3-қосымша);
«Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі туралы (4-қосымша) ережелер бекітілсін.

3. Облыс әкімінің істері басқармасы облыс әкімі Құрмет грамотасының, Құттықтау хатының, Алғыс хатының, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісінің нобайларын дайындасын және белгіленген тәртіпте олардың дайындалуын қамтамасыз етсін.

4. Мадақтау туралы өтініштерді алын ала қарауды облыс әкіміне өзінің қорытындысын беру құзыреті бойынша облыс әкімі орынбасарларының жүзеге асыратындығы белгіленсін.

5. Осы аталған мадақтау түрлерін облыс әкімі, сондай-ақ облыс әкімі уәкіл етіп белгіленген адамдар тапсырады.

Тапсыру толық жариялылық жағдайында жүзеге асырылады. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, радио мен теледидардан беріледі.

6. Облыс әкімінің мадақтау сыйлықтарын тапсыру облыс әкімінің резиденциясында, еңбек ұжымдарында, мәжілістерді, жиналыстар мен басқа да көпшілік қатысатын шараларда іске асырылады.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Г.И. Бондаренкоға жүктелсін.

8 Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы туралы ереже

Облыс әкімінің 2000 жылғы
2 желтоқсан № 290
шешіміне 1-қосымша
Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы
туралы ереже

1. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Грамота) облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан, халықтар арасындағы байланысты, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті еңбектері мен облыс алдындағы басқа да қызметтері үшін ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы барлық кәсіпорындардың, мекемелері мен ұйымдардың ұжымдары, фермерлік және шаруа қожалықтары, оқу орындары, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері, құқық қорғау органдары марапатталады.

2. Сондай-ақ грамотамен:

1) өндірісті ұйымдастыруда жоғары нәтижелерге жеткен, қосымша жұмыс орындарын ашқан, әлеуметтік бағдармалар мен қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға қатысушы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары, кәсіпкерлер мен бизнесшілер;

2) Павлодар облысының экономикасына қосқан нақты үлестері, азаматтық ынтымақтастықтың, ұлтаралық келісімнің сақталуына,ғылым, мәдениет, өнер мен спорттың дамуына қосқан жеке үлестері үшін Қазақстанның басқа аймақтарындағы және басқа мемлекеттердегі азаматтар мен ұйымдар, сондай-ақ ұзақ та жемісті атқарған қызмет, кәсіби шеберлігі мен қоғам алдындағы еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер марапатталады.

3. Грамотамен марапаттау облыс әкімі шешімінің негізіндегі жүзеге асырылады, оның жобасын түскен ұсыныс бойынша белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.

4. Грамотамен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Грамотаны тапсыру үшін белгіленген уақыттан кем дегенде бір ай бұрын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде облыс мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері береді.
Ұсынымға мыналар қоса тіркелуі керек:
мадақталатын адамның мінездемесін мен өмірбаяндық анықтамасы;
кәсіпорынға немесе мекемеге Грамота тапсыру үшін – қысқаша тарихи анықтамасы.

5. Грамотаға облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

6. Грамота екінші рет тек ерекше жағдайда ғана беріледі. Грамотамен марапаттаудың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізеді.

7. Грамоталардың бланкілері облыс әкімі аппаратының арнайы бөлімінде, қатаң есептегі бланкілер үшін белгіленген тәртіпте сақталады.

18 Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты туралы ереже

Облыс әкімінің 2000 жылғы
2 желтоқсан № 290
шешіміне 2-қосымша
Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты туралы ереже

1. Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хатымен (бұдан әрі – Хат) мерейтойларына байланысты жекелеген азаматтар және облыс алдында сіңірген еңбегі, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан нақты үлесі үшін барлық ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ұжымдары марапатталады. Ұжымдар кәсіби мерекелеріне, өмірлері мен өндірістік қызметтеріндегі басқа атаулы оқиғаларға байланысты марапаттаулары да мүмкін.

2. Хатпен сондай-ақ мерейтойларға немесе салтанатты жағдайларға байланысты Қазақстанның басқа аймақтарының, басқа мемлекеттердің тұрғындары да марапатталуы мүмкін.

3. Марапаттау облыс әкімі шешімінің негізінде жүзеге асырылады, Хаттың мәтінімен бірге оның жобасын түскен өтініштер бойынша белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.

4. Хатпен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Хатты тапсыру үшін белгіленген уақыттан кем дегенде бір ай бұрын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде облыс мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері береді.
Ұсынымға мыналар қоса тіркелуі керек:
мадақталатын адамның мінездемесі мен өмірбаяндық анықтамасы; кәсіпорынға немесе мекемеге Грамота тапсыру үшін - қысқаша тарихи
анықтамасы.

5. Хатқа облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

6. Хатпен марапатталғандардың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізіледі.

7. Хаттардың бланкілері облыс әкімі аппаратының арнайы бөлімінде, қатаң есептегі бланкілер үшін белгіленген тәртіпте сақталады.

26 Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты туралы ереже

Облыс әкімінің 2000 жылғы
2 желтоқсан № 290
шешіміне 3-қосымша
Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты туралы ереже

1. Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (бұдан әрі – Алғыс хат) облыс әкімінің ресми мадақтауы болып табылады.

2. Алғыс хат облыс рәмізі бар арнаулы бланкі де ресімделеді және оған облыс әкімі қол қояды.

3. Алғыс хат жекелеген азаматтар мен ұжымдарға әр түрлі маңыздағы іс-қимыл, кәсіби шеберліктері мен көп жылғы адал еңбектері, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін тапсырылады.

4. Алғыс хат қатарынан көп дегенде 2 рет тапсырылады. Облыс көлемінде тағы да ерекше көзге түскен азамат (ұжым) одан да жоғары мадақталуға ұсынылады.

5. Алғыс хатпен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Алғыс хатты тапсыру үшін белгіленген уақыттан кем дегенде бір ай бұрын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде облыс мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері ұсынады. Ұсынымға сонымен бірге мадақталушының мінездемесі мен өмірбаяндық анықтамасы қоса тапсырылады.

6. Алғыс хатты тапсыру облыс әкімі шешімінің негізінде жүзеге асырылады, Хаттың мәтінімен бірге оның жобасын түскен өтініштер бойынша белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.

7. Алғыс хатқа облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

8. Алғыс хат тапсырушылардың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізіледі.

9. Алғыс хаттардың бланкілері облыс әкімі аппаратының арнайы бөлімінде, қатаң есептегі бланкілер үшін белгіленген тәртіпте сақталады.

36 «Облыс алдында сіңірген еңбегін үшін» белгісі туралы ереже

Облыс әкімінің 2000 жылғы
2 желтоқсан № 290
шешіміне 4-қосымша
«Облыс алдында сіңірген еңбегін үшін» белгісі
туралы ереже

1. «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі (бұдан әрі – Белгі) облыста және одан тысқары жерлерде де тұратын азаматтарға, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны, сондай-ақ ғылымды, мәдениетті, әдебиетті, өнерді, білім беруді дамытуға қосқан еңбегі, қоғамдағы өзара түсіністікті сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы үлгілі қызметі, белсенді қайрымдылық қызметі мен игілікті ісі үшін тапсырылады.

2. Белгі бір реттен артық тапсырылмайды. Бір рет белгіні иеленген азамат, облыс көлемінде тағы да ерекше көзге түскен болса, одан да маңызды мадақтауға ұсынылады.

3. Белгімен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Белгіні тапсыру туралы өтінішке негіз болған оқиғадан кейін бір жұмадан кешіктірмей тұрып кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде қалалар мен аудандардың әкімдері береді.

Ұсынымда мадақталушыға мінездеме беріледі және оның Белгіні тапсыруға негіз болған қызметі аталып өтіледі.

4. Белгіні тапсыру туралы облыс әкімінің шешімін түскен өтінішті қоса тіркей отырып, белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.

5. Белгіге марапаттау туралы куәлік толтырылады, оған облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы қол қояды және ол Белгімен бірге тапсырылады.

6. Белгі мен куәліктің бланкілері облыс әкімі аппаратының арнаулы бөлімінде сақталады. Марапатталғандардың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізіледі.