Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Жангалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Жангалинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 14.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2015 93352_112407.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZE004020
- ЭКБ идентификаторы
- 93352
- Редакция идентификаторы
- 93352_112407
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:42
0 Жаңақала ауданының шалғайдағы
елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың схемасы мен
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңақала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
бекітілсін.
2 2. Жаңақала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары
бекітілсін.
3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Карменов) осы қаулының
әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Саматовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2015 жылғы 14 тамыздағы № 201 Жаңақала ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Жаңақала ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы
№
Қозғалыс бағыты
Аралықтығы
1
Жанақазан ауылы – Әйіпсай ауылы
15 км
2
Жаңақазан ауылы – Қайролла қыстағы
24 км
3
Жаңақазан ауылы – Жүніс қыстағы
35 км
4
Жаңақазан ауылы – Айтжан қыстағы
35 км
5
Жаңақазан ауылы – Құрмаш қыстағы
29 км
6
Жаңақазан ауылы – Жаңаорын қыстағы
25 км
7
Жаңақазан ауылы –Нұғыман қыстағы
20 км
8
Көпжасар ауылы – Үштас қыстағы
3 км
9
Көпжасар ауылы – Салтанат ауылы
20 км
10
Көпжасар ауылы – Саралжын ауылы
25 км
11
Көпжасар ауылы - Кіші Досан қыстағы
20 км
12
Көпжасар ауылы – Шеру қыстағы
70 км
13
Көпжасар ауылы – Қосшыңырау қыстағы
25 км
14
Көпжасар ауылы – Айпара қыстағы
50 км
15
Көпжасар ауылы – Шарап қыстағы
45 км
16
Көпжасар ауылы – Саздыбөлек қыстағы
45 км
17
Көпжасар ауылы – Қартабай қыстағы
40 км
18
Көпжасар ауылы - Кіші Салтанат қыстағы
25 км
19
Көпжасар ауылы – Қайыр қыстағы
7 км
20
Көпжасар ауылы – Кенжебай қыстағы
19 км
21
Бірлік ауылы –Үшкемпір ауылы
20 км
22
Бірлік ауылы – Ақбалшық ауылы
22 км
23
Жаңажол ауылы - Кіші Айдархан ауылы
15 км
24
Жаңажол ауылы –Теңдік ауылы
30 км
25
Қызылоба ауылы –Жангелді ауылы
10 км
26
Қызылоба ауылы – Өркен қыстағы
18 км
27
Қызылоба ауылы –Айтпай ауылы
18 км
28
Қызылоба ауылы – Шалқұдық қыстағы
30 км
29
Қызылоба ауылы – Шымқұдық қыстағы
24 км
30
Қызылоба ауылы – Итен қыстағы
20 км
31
Қызылоба ауылы – Құлпытас қыстағы
19 км
32
Қызылоба ауылы – Ащықұдық қыстағы
30 км
33
Қызылоба ауылы – Лагерь қыстағы
2 км
34
Қызылоба ауылы – Хафиз қыстағы
8 км
35
Қызылоба ауылы - Көшім-орын қыстағы
14 км
36
Қызылоба ауылы – Қарамола қыстағы
6 км
37
Қызылоба ауылы – Тайпақ қыстағы
19 км
38
Пятимар ауылы – Борық ауылы
20 км
39
Пятимар ауылы – Аққұс ауылы
45 км
40
Пятимар ауылы – Беспай қыстағы
20 км
41
Пятимар ауылы – Бөгет қыстағы
5 км
42
Пятимар ауылы – Плантация ауылы
5 км
Аббревиатураның толық жазылуы:
км – километр.
7 2015 жылғы 14 тамыздағы № 201 Жаңақала ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Жаңақала ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Жаңақала ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағида (бұдан әрі – Қағида) «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына сәйкес әзірленген және Жаңақала ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.
2 2. Балаларды тасымалдау тәртiбi
2 2. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген таным белгісі орнатылады.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.
Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
3 3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасмалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
4 4. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
5 5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
6 6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) рұқсат етілмейді.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауы керек.
7 7. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлайды, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
8
8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасады.
9 9. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
10 10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi.
Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.