Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке,определяемом Правительством Республики Казахстан

Қаулы · № 195 · қабылданған 28.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93371/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке,определяемом Правительством Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 195 ·28.07.2015
15.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке,определяемом Правительством Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 195 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке,определяемом Правительством Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
195
Қабылданған күні
28.07.2015
Көрсетілген редакция
15.03.2018 93371_306826.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15Z0004023
ЭКБ идентификаторы
93371
Редакция идентификаторы
93371_306826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:55

0 «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. Төреғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

5 2015 жылғы «28» шілдедегі №195

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы

27 сәуірдегі №285 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда №11154 тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4 4. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың қосымшасына сәйкес сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы болып табылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы толық болған жағдайда 15 минут ішінде өтініш пен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде бұрыштама қояды, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарап, сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарлама жобасын дайындайды;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күннің ішінде сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі бар ұсыныс туралы хабарламаға қол қояды;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 күнтізбелік күн ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарламаны жолдайды;

6 6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар 30 күнтізбелік күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытындылар дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

7

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 20 күнтізбелік күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі туралы қорытынды болған жағдайда сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау туралы бұйрық жобасын, сыйға тарту шартын және мүлікті қабылдау-беру актісінің (табыстау актісі) жобасын дайындайды;

8

8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі туралы қорытынды болған жағдайда сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау туралы бұйрыққа, сыйға тарту шартына және мүлікті қабылдау-беру актісіне (табыстау актісі) қол қояды;

9 9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдайды.

9 9. Келесі рәсімді орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын қабылдау, тіркеу;

2 2) бұрыштама қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

3 3) ұсынылған құжаттарды қарау, сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарлама жобасын дайындау, қол қоюға басшыға жолдау;

4 4) сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарламаға қол қою;

5 5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарламаны жолдау;

6 6) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындау;

7 7) сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау туралы бұйрық жобасын, сыйға тарту шартын және мүлікті қабылдау-беру актісінің (табыстау актісі) дайындау;

8 8) бұйрық шығару, сыйға тарту шартына, мүлікті қабылдау-беру актісіне (табыстау актісі қол қою;

9 9) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

10 10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

11

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

12 12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі көзделмеген.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталығының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

44 «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы.

Қолданыстағы