Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот в городе Павлодаре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот в городе Павлодаре
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1007/15
- Қабылданған күні
- 18.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2023 93413_622030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PA004689
- ЭКБ идентификаторы
- 93413
- Редакция идентификаторы
- 93413_622030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:39
0 Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48 – бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
2. «Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәрттіппен:
1) осы қаулының жергілікті әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын;
3) осы қаулының Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауын қамтамассыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
Павлодар қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы
«18» тамыздағы
№ 1007/15 қаулысымен
бекітілген
Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі,
сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
№
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы-балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
*Ескертпе: Осы тізбе мемелекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.