Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых подразделениями Вооруженных Сил Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых подразделениями Вооруженных Сил Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия
- Атауы (қаз.)
- Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 29.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2020 93530_472252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011992
- ЭКБ идентификаторы
- 93530
- Редакция идентификаторы
- 93530_472252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:54
0 Санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылық саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.
4 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 29 шілде № 434
бұйрығына 1-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы
30 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11467 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «64615 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – РММ), «01826 әскери бөлімі» РММ-нің іс жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме қызмет берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, қызмет алушының өтінішін алуы болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1 1) қызмет беруші іс жүргізуі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тіркеу жүргізеді және басшылыққа қарауға береді, орындалу уақыты – 15 (он бес) минут;
2 2) басшылық бөлім/бөлімше басшысына қарар жазады, орындалу уақыты – 4 (төрт) сағат;
3 3) қызмет беруші бөлім/бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
4
4) жауапты орындаушы объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді, объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және бөлім/бөлімше басшысына келісуге енгізеді, орындалу мерзімі – 11 (он бір) күнтізбелік күн;
5 5) бөлім/бөлімше басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қояды, қызмет берушінің уәкілетті тұлғаға қол қоюға береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) күнтізбелік күн;
6 6) қызмет берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны қызмет берушінің іс жүргізуіне береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) күнтізбелік күн;
7 7) іс жүргізу қызмет алушы (немесе оның сенімхаты бойынша өкіл) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
6 6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнің (iс-қимылдың) нәтижелерi:
1 1) қызмет алушының өтінішін және құжаттарын тіркеу;
2 2) қарау үшін басшының қарары;
3 3) бөлім/бөлімше басшысының қарары;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу, бұрыштама қоюға енгізу;
5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қою;
6 6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;
7 7) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде қызмет берушiнің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушiнің құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
қызмет берушінің іс жүргізуі;
қызмет берушінің басшылығы;
қызмет беруші бөлім/бөлімшесінің басшысы;
қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада келтірілген.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.
1 Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы
«Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу орталықтарының
аумағында орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындылар
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы
2 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
объектісінің халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери
қалашықтары мен оқу орталықтарының
аумағында орналасқан объектілердегі
гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындылар
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
2 Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 29 шілде № 434
бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы
30 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11467 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «64615 әскери бөлімі» республикалық мемлекттік мекемесінің (бұдан әрі – РММ), «01826 әскери бөлімі» РММ-нің іс жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жоба, жұмыс пен көрсетілетін қызметінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме қызмет берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінішін және құжаттарын алуы болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1 1) қызмет берушінің іс жүргізуі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тіркеуді жүргізеді және басшылыққа қарауға береді, орындалу уақыты – 15 (он бес) минут;
2 2) басшылық бөлім/бөлімше басшысына қарарын қояды, орындалу уақыты – 4 (төрт) сағат;
3 3) қызмет берушінің бөлім/бөлімше басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
4 4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді, бөлім/бөлімше басшысына бұрыштама қоюға енгізеді, орындалу мерзімі – 11 (он бір) күнтізбелік күн;
5 5) қызмет берушінің бөлім/бөлімше басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қояды, қызмет берушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) күнтізбелік күн;
6 6) қызмет берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны қызмет берушінің іс жүргізуіне береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) күнтізбелік күн;
7 7) іс жүргізу қызмет алушы (немесе оның сенімхаты бойынша өкіл) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
6 6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмнің (iс-қимылдың) нәтижесi:
1 1) қызмет алушының өтінішін және құжаттарын қызмет берушінің іс жүргізуінде тіркеу;
2 2) қызметті беруші басшылығының бөлім/бөлімше басшысына қарары;
3 3) бөлім/бөлімше басшысының жауапты орындаушыға беру туралы қарары;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;
5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қою;
6 6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;
7 7) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде қызмет берушiнің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушiнің құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
қызмет берушінің іс жүргізуі;
қызмет берушінің басшылығы;
қызмет беруші бөлім/бөлімшесінің басшысы;
қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада келтірілген.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.
1 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің әскери қалашықтары мен
оқу орталықтарының аумағында
орналасқан объектілерде жобаларға,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық
қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы
2 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің әскери қалашықтары мен
оқу орталықтары аумағында орналасқан
объектілерде жобаларға, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: