Об утверждении норм потребления товарного газа в Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления товарного газа в Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысында тауарлық газын тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 04.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2015 93549_22957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002823
- ЭКБ идентификаторы
- 93549
- Редакция идентификаторы
- 93549_22957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:49
0 Маңғыстау облысында
тауарлық газын тұтыну
нормаларын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысында тауарлық газын тұтыну нормалары бекітілсін.
2
2. «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Х. Аманбеков) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Алдашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ С.Х. Аманбеков
«____» _____________ 2015 ж.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «__» ________
№ ____ қаулысына
қосымша
Маңғыстау облысында тауарлық газын тұтыну нормалары
№
Тауарлық газын тұтыну сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Айлық тұтыну нормасы (м³)
1.
Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда
1 адамға
10,27
2.
Пәтерде газ плитасы және газбен су қыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда)
1 адамға
25,05
3.
Пәтерде газ плитасы болған жағдайда, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су қыздырғыш болмаған жағдайда
1 адамға
15,03
4.
Жеке тұрғын үйлерді жылыту
1 м2 жылыту алаңына (жылыту кезеңінде)
9,9