Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания животных на территории населённых пунктов Костанайской области

Ереже · № 420 · қабылданған 31.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93584/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания животных на территории населённых пунктов Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 420 ·31.07.2015
09.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания животных на территории населённых пунктов Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 420 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания животных на территории населённых пунктов Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
420
Қабылданған күні
31.07.2015
Көрсетілген редакция
09.08.2024 93584_716035.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15N0005870
ЭКБ идентификаторы
93584
Редакция идентификаторы
93584_716035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:52

0 Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.

2 2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 403 «Қостанай облысының елді мекендері аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидасын бекіту туралы» шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысының әкімі
_______________ Н. Садуақасов
2015 жылғы «31 » 07
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттiк мекемесінің
басшысы
________________________О. Батырбеков
2015 жылғы «31» 07
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Б. Мурзин
2015 жылғы «31» 07
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Б. Қайыпбай
2015 жылғы «31» 07

4 Қостанай облыстық мәслихатының

2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 420
шешімімен бекітілген
Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау
қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Ветеринария туралы» Заң) сәйкес әзірленген және Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағида жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – иелері) таратылады.

3 3. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

2 2. Жануарларды асырау тәртібі

4 4. Жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғалар:

1 1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақытылы вакцина егуге және олардың диагностикасын;

2 2) өз жануарларының зиян келтіруінен айналасындағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

5 5. Жануарларды олардың тұрақты тұратын орнынан (асырау) жаятын орнына дейін және кері (бұдан әрі - айдау) жаю, сондай-ақ жүргізу жануарлардың иелерінің, немесе олар сенім білдірген тұлғалардың қадағалауымен жүзеге асырылады.

6 6. Көгалдандыру екпелерінің аумағы арқылы жануарларды айдауға жол берілмейді.

7 7. «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес тиісінше аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі айқындаған орындардан тыс елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға жол берілмейді.

8 8. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды тиісті аумақ тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті аумақтың әкімі өз құзыретінің шеңберінде қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы