О присвоении имени улице города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении имени улице города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының көшесіне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 361
- Қабылданған күні
- 09.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 93596_66428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001203
- ЭКБ идентификаторы
- 93596
- Редакция идентификаторы
- 93596_66428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:46
0 Алматы қаласының көшесіне
атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) тармақшасына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 хаттамасының, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Алматы қаласы Бостандық ауданының Мұстафин көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа кететін атауы жоқ көшеге (2000 м.) Тоқмұхамед Садықовтың есімі берілсін.
2
2. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.