О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45-5
- Қабылданған күні
- 07.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2020 93603_447942.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DK003388
- ЭКБ идентификаторы
- 93603
- Редакция идентификаторы
- 93603_447942
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:47
0 Ауылдық елді мекендерде
тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және ветеринария
ұйымдарының мамандарына
отын сатып алу үшін әлеуметтік
көмек беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. Қарасай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 23 желтоқсанында № 2529 тіркелген, «Заман жаршысы» аудандық газетінде 2014 жылдың 18 қаңтарында № 3 (8069) жарияланған) № 25-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына (келісім бойынша М. Н. Жұмағұлов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«___» ________ 2015 жыл
«___» ________ 2015 жыл