Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»

Қаулы · № 245 · қабылданған 14.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93628/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 245 ·14.08.2015
25.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 245 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
245
Қабылданған күні
14.08.2015
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2015
Көрсетілген редакция
25.05.2018 93628_330580.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15U0003330
ЭКБ идентификаторы
93628
Редакция идентификаторы
93628_330580
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:42

0 «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын

мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева

7 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы
«14» тамыз №245 қаулысына
қосымша
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасында көрсетілген сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушымен арызды беру болып келеді.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тексереді және қабылдайды (30 минут);

3 3) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарды сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқықтарын беру жөніндегі бар ұсыныс туралы хабардар етеді (жеті күн);

4 4) мемлекеттік органдар сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болуының қажеттігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытындылар дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (отыз күнтізбелік күн);

5 5) көрсетілетін қызметті беруші облыстың жергілікті атқарушы органның қаулы жобасын әзірлейді (отыз күнтізбелік күн);

6 6) көрсетілетін қызметті беруші сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау туралы тиісті қаулы қабылдайды, сыйға тарту шартын әзірлейді (жиырма күнтізбелік күн);

7 7) Мүлікті қабылдаушы мемлекеттік орган мүлікті қабылдау-беру актісін жасайды (он бес жұмыс күн).

5-1 5-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сақтау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсіміне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері;

3 3) мемлекеттік органдар.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

30 «Мемлекеттік емес заңды

тұлғалардың және жеке
тұлғалардың мүлікке құқығын
сыйға беру шарты бойынша
Қазақстан Республикасы
Үкіметі белгілеген тәртіппен
Қазақстан Республикасының
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Мемлекеттік органдар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
Әкім­дік, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­жат­тар­ды тек­се­ре­ді және қа­был­дай­ды
(30 ми­нут)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды сый­ға тар­ту шар­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­ке мү­лік құқық­та­рын бе­ру жө­нін­де­гі бар ұсы­ныс ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді (же­ті күн)
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар сый­ға тар­ту шар­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­тің мү­лік құқық­та­ры­на ие бо­луы­ның қа­жет­ті­гі (қа­же­ті­нің жоқ­тығы) ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­лар дай­ын­дай­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды (отыз күн­тіз­бе­лік күн)
Мү­лік­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­удың эко­но­ми­ка­лық орын­ды­лы­ғы;
мү­лік­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­ған­нан кей­ін­гі мақ­са­ты мен пай­да­ла­ны­луы;
бе­рі­ле­тін мү­лік­тің қар­жы­лық қам­та­ма­сыз еті­луі;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші об­лы­стың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның қа­у­лы жо­ба­сын әзір­лей­ді (отыз күн­тіз­бе­лік күн)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші сый­ға тар­ту шар­ты бой­ын­ша мү­лік­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­дау ту­ра­лы ти­іс­ті
қа­у­лы қа­был­дай­ды, сый­ға тар­ту шар­тын әзір­лей­ді (жиыр­ма күн­тіз­бе­лік күн)
Мү­лік­ті қа­был­да­у­шы мем­ле­кет­тік ор­ган мү­лік­ті қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сін жа­сай­ды (он бес жұ­мыс күн)
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

Қолданыстағы