Құжат мәтініне өту

О переименовании отдельных государственных высших учебных заведений

Қаулы · № 892 · қабылданған 28.06.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-9364/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О переименовании отдельных государственных высших учебных заведений Қолданыста Қаулы ·№ 892 ·28.06.2001
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании отдельных государственных высших учебных заведений

Қолданыста Қаулы ·№ 892 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании отдельных государственных высших учебных заведений
Атауы (қаз.)
Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
892
Қабылданған күні
28.06.2001
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI9364_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000892_
ЭКБ идентификаторы
9364
Редакция идентификаторы
AI9364_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:42

0 Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Мынадай мемлекеттік жоғары оқу орындары (бұдан әрі - жоғары оқу орындары):

1 1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

2 2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

3 3) Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті - Қазақ ұлттық аграрлық университеті;

4 4) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

5 5) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университеті - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;

6 6) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

7 7) Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:

1 1) қайта аталған жоғары оқу орындарының жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28 N 1111 қаулысымен.

3 3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

36 "36.  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық

медициналық университеті".
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қолданыстағы