Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил частичного возмещения зерноперерабатывающим организациям стоимости приобретаемого ими зерна государственных реализационных и государственных стабилизационных ресурсов зерна в целях регулирования внутреннего рынка

Бұйрық · № 4-1/549 · қабылданған 19.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93640/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил частичного возмещения зерноперерабатывающим организациям стоимости приобретаемого ими зерна государственных реализационных и государственных стабилизационных ресурсов зерна в целях регулирования внутреннего рынка Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/549 ·19.06.2015
24.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил частичного возмещения зерноперерабатывающим организациям стоимости приобретаемого ими зерна государственных реализационных и государственных стабилизационных ресурсов зерна в целях регулирования внутреннего рынка

Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/549 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил частичного возмещения зерноперерабатывающим организациям стоимости приобретаемого ими зерна государственных реализационных и государственных стабилизационных ресурсов зерна в целях регулирования внутреннего рынка
Атауы (қаз.)
Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-1/549
Қабылданған күні
19.06.2015
Көрсетілген редакция
24.12.2015 93640_486480.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012015
ЭКБ идентификаторы
93640
Редакция идентификаторы
93640_486480
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:30

0 Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидаларын бекіту туралы

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 23 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 тамыз

8 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 4-1/549 бұйрығымен
бекітілген
Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу
мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын
ішінара өтеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) астық өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге арналған тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде астық өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу тәртібін айқындайды.

2 2. Астық өңдеу ұйымдарына олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге арналған қаражат (бұдан әрі - ішінара өтеуге арналған қаражат) ұн мен нанның бағаларын тұрақтандыруға арналады.

3 3. Ішінара өтеуге арналған қаражат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тендерлік негізде айқындаған астық өңдеу ұйымдарына төленеді.

Астық өңдеу ұйымдарының өткізілетін астықты мақсатты пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын сату үшін астық өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты болып табылуға тиіс.

4 4. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) астық өңдеу ұйымдарымен алдын ала жүз пайыз төлем жасау шартымен «Агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу

мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6191 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша шарттар жасасады.

5

5. Агент астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығына алдын ала жүз пайыз төлем жасау бойынша міндеттемелерін тиісінше орындағаннан кейін оларға мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын жеткізуді жүзеге асырады.

6 6. Мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының өткізу құнына сатып алу бағасы, астықты сақтау жөніндегі шығыстар, агенттің комиссиялық сыйақысы кіреді.

7 7. Ішінара өтеуге арналған қаражат мөлшері 1 тонна астықтың нарықтық бағасы мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімді баға бойынша ұн және нан өндіруді қамтамасыз ететін 1 тонна астық бағасы арасындағы айырмашылыққа сүйене отырып айқындалады.

2 2. Ішінара өтеуге арналған қаражатты төлеу тәртібі

8 8. Ішінара өтеуге арналған қаражатты алу үшін астық өңдеу ұйымдары ай сайын, 10-күнге дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасына:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге қаражат алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім);

2 2) агенттің астық өңдеу ұйымдарына астықты жеткізу актілерінің көшірмелерін, кассалық кіріс ордерлерін, банктің төлем тапсырмаларын;

3 3) мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан астық жеткізуге агентпен жасалған шарттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

9 9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы:

1 1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың келіп түсуіне қарай, ұсынылған құжаттарды келіп түскен сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде тексереді;

2 2) астық өңдеу ұйымынан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес тізімі қоса берілген өтінім келіп түскен жағдайда, өтінімді үш жұмыс күні ішінде қайта пысықтауға қайтарады;

3 3) онкүндік сайын, астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты өткізілген көлемі бойынша жиынтық актіні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді;

4

4) астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты өтікізілген көлемі жөніндегі бекітілген жиынтық акт бойынша оларда көрсетілген ішінара өтеуге арналған қаражаттың осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес белгіленген көлемі мен мөлшері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;

5

5) әрбір астық өңдеу ұйымы үшін мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын өткізудің нақты белгіленген көлемінің шегінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;

6 6) астық өңдеу ұйымдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті өтінімді берген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, астық өңдеу ұйымдарына ішінара өтеуге арналған қаражат төлеуді қамтамасыз етеді.

10

10. Астық өңдеу ұйымдарының банктік шоттарына тиесілі ішінара өтеуге арналған бюджет қаражатын аударуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік бағдарлама төлемдері бойынша дербес қаржыландыру жоспарларына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шоттардың тізілімін 2 данада және төлеуге берілетін шоттарды ұсыну жолымен жүзеге асырады.

11

11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы есептік айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігіне төленген ішінара өтеуге арналған қаражаттың көлемі туралы ақпаратты ұсынады.

12

12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Ауыл шаруашылығы басқармасы астық өңдеу ұйымдарының мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ астық өңдеу ұйымдарының мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығынан өндірілген ұн бағасының шекті деңгейін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

1 Ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеуге қаражат алуға арналған өтінім

Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік өткізілетін
және мемлекеттік тұрақтандыру астық
ресурстары астығының құнын оларға
ішінара өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған мемлекеттік
өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары
астығының құнын ішінара өтеуге қаражат алуға арналған
өтінім
1. _________________________________________________________________
(құрылтай құжаты)
негізінде әрекет ететін __________________________________________________
(астық өңдеу ұйымы)
атынан бірінші басшы _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), лауазымы)
осымен мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан
_________ тонна көлемде сатып алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат
бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
шот-фактураның, төлем құжаттарының көшірмесі;
нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы банк анықтамасы.
Құқықтық мекенжайы және банктік деректемелері:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы, мөрі (бар болған
жағдайда))

2 20 ___ жылғы «___» ____________ - 20 ___ жылғы «___» _________ аралығындағы кезең үшін астық өңдеу ұйымдарына мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты өткізілген көлемі бойынша жиынтық акт

Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік өткізілетін
және мемлекеттік тұрақтандыру астық
ресурстары астығының құнын оларға
ішінара өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________ Ауыл
шаруашылығы басқармасының бастығы
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болған жағдайда), қолы, мөрі)
20 __ жылғы «___» _________
20 ___ жылғы «___» ____________ - 20 ___ жылғы «___» _________
аралығындағы кезең үшін астық өңдеу ұйымдарына
мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру
ресурстары астығының нақты өткізілген көлемі бойынша
жиынтық акт

Астық өңдеу ұйымының атауы
Мемлекеттік өткізілген және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан нақты сатып алынған астық, тонна
жыл басынан
бастап
__________
кезеңі үшін
1
2
Жиыны
__________________________________ ________________________________________________
(жауапты орындаушының лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

3 20 ___ жылғы «___» ___________ - 20 ___ жылғы «___» _________ аралығындағы кезең үшін мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат төлеуге арналған жиынтық ведомость

Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік өткізілетін
және мемлекеттік тұрақтандыру астық
ресурстары астығының құнын оларға
ішінара өтеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________ Ауыл
шаруашылығы басқармасының бастығы
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болған жағдайда), қолы, мөрі)
20 __ жылғы «___» _________
20 ___ жылғы «___» ___________ - 20 ___ жылғы «___» _________
аралығындағы кезең үшін мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік
тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып
алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат
төлеуге арналған жиынтық ведомость

Астықөңдеуұйы-мы-ның атауы
Мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан нақты сатып алынған астық, тонна
Жыл басынан бастап ішінара өтеуге арналған қаражаттың тиесілі сомасы, теңге
Жыл ба-
сы-нан бастап төлен-гені, теңге
Тие-сілі сома қал-ды-
ғы, теңге
Тө-
леу-
ге
жата-
тыны,
теңге
жыл басынан
бастап
_______
кезеңі үшін
1
2
Жиы-ны
________________________________________ _________________________________________________
(жауапты орындаушысының лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

Қолданыстағы