Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан

Бұйрық · № 19-2/645 · қабылданған 13.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93655/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 19-2/645 ·13.07.2015
25.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 19-2/645 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19-2/645
Қабылданған күні
13.07.2015
Көрсетілген редакция
25.12.2015 93655_56128.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011983
ЭКБ идентификаторы
93655
Редакция идентификаторы
93655_56128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:09

0 Қазақстан Республикасының су

қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлерін және
тексеру парағының нысанын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрық Казақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 24-03/184 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6960 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648) сандарында жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
___________ С. Омаров
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________Т. Жақсылықов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
____________________С. Айтпаева
2015 жылғы 15 шілде

1 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 19-2/645
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 579 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері

1

1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бассейндік су инспекцияларының су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын бастапқы су пайдаланушыларды тәуекел дәрежелері бойынша жатқызуы үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) бақылау субъектісі – өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ, шаруашылықтың әртүрлi салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi су ағынын реттеу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын, су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын және техникалық және өндірістік мұқтаждықтар үшін сумен жабдықтау жүйелерінен су алатын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар);

2

2) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел – халықтың сумен қамтамасыз етілуінің төмендеуі, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылуының пайда болуы, бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға арналған су пайдаланушылар құқығының бұзылуы, сондай-ақ су пайдаланушылар қызметінің нәтижесінде, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, елді мекендерге судың зиянды әсер ету ықтималдығы;

3 3) объективті критерийлер – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын және жекеленген тексерілетін субъектіге (объектілге) тікелей тәуелді болып табылмайтын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

4 4) субъективті критерийлер – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметінің нәтижелеріне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

5 5) тексеру парағы – сақталмауы тек қана адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу объективті және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Объективті критерийлер бойынша, су объектілерінің стратегиялық маңыздылығына және су алу көлемдеріне байланысты барлық бақылау субъектілері тәуекелдің екі дәрежесі бойынша жіктеледі:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі – ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне жатқызылған объектілерді пайдаланатын және тәулігіне 5 мың текше метрден жоғары су алуды, көлемі 10 миллион текше метр және одан жоғары су қоймаларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәулігіне 5 мың текше метрден аспайтын су алуды, көлемі 10 миллион текше метрден аспайтын су қоймаларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері.

5 5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексеру субъектілеріне іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерістер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексеру субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

6 6. Субъективті критерийлерді айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) есептілік – 2–ТП-сушар нысаны бойынша;

2 2) шағымдар – жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бақылау субъектілеріне расталған шағым және өтініштердің болуы және саны;

3 3) мемлекеттік органдардың ақпараты;

4 4) алдыңғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді.

7 7. Ақпарат көздері негізінде осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес субъективті критерийлер айқындалады.

8 8. Реттейтін мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0 – ден 100 – ге дейінгі шкала бойынша есептеледі.

Өрескел дәрежедегі бір бұзушылық 100 көрсеткішіне теңдестіріледі.
Егер өрекел дәрежедегі бұзушылық анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылық көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтаған кезде 0,7 салмақ коэффиценті колданылады және осы көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:
Р₃ = (К₂ х 100/К₁) х 0,7
бұл жерде:
Р₃ – елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
К₁ – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) берілген елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
К₂ – анықталған елеулі дәрежедегі бұзушылықтар саны.
Елеулсіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 салмақ коэффиценті колданылады және осы көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:
Рн = (К₄ х 100/К₃) х 0,3
бұл жерде:
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
К₃ – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) берілген елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
К₄ – анықталған елеусіз бұзшылықтар саны.
Тәуекел дәрежелерінің көрсеткіші (Р) келесі формула бойынша елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
Р = Р₃ + Рн
бұл жерде:
Р - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
Р₃ – елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

9 9. Іріктеп тексерулер жүргізу еселігі жылына бір реттен жиі болмайды.

Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде нақты тексеру субъектісіне (объектісі) қатысты пайдаланылған және бұрын есепке алынған субъективтік критерийлердің деректері қолданылмайды.

10 10. Іріктеп тексерулер тізімі субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғарғы көрсеткіштеріне ие бақылау субъектілері басымдықтарын ескере отырып жасалады.

11 11. Іріктеп тексерулер алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінің жартыжылдық деректерімен салыстыра отырып, ақпаратты және соңғы есепті кезеңнің жартыжылдық деректерін бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімі негізінде жүргізіледі.

36 Қазақстан Республикасының

су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
қосымша
Критерийлердің атауы
Бұзушылықтардың дәрежесі
1. «Алдыңғы тексерулердің нәтижелері» ақпарат көзі бойынша
(ауыртпалық дәрежесі төмендегі талаптарды сақтамау кезінде белгіленеді)
1
Су ресурстарын ұтымды пайдалану, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау
Өрескел
2
Белгiленген су пайдалану лимиттерiн, рұқсат етiлген көлемдерiн мен режимдi сақтау
Өрескел
3
Су шаруашылығы құрылыстарын және қондырғыларын пайдалану немесе қолдану су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі
Өрескел
4
Су пайдалануға арналған рұқсат құжаттарының болуы
Өрескел
5
Жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеу
Өрескел
6
Су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, су объектілеріне зиян келтіруді болдырмау жөніндегі су қорғау іс-шаралары жүргізіледі
Өрескел
7
Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта айқындалған және су пайдаланудың лимитін анықтау кезінде келісілген су пайдалану шарттарын орындау белгiленген мерзiмдерде жүргізіледі
Елеулі
8
Су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы жүзеге асырылуы
Елеулі
9
Сарқынды және коллекторлық сулардың су шаруашылығы құрылыстарының және ағызу құрылыстарын су тарту, су жiберу қондырғыларының өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықталуы
Елеулі
10
Гидромелиорациялық жүйенiң, су шаруашылығы құрылысы паспортының болуы
Елеулі
11
Бұрғылау және барлау жұмыстарына келісімнің болуы
Елеулі
12
Су ресурстарын пайдалануды есепке алуды жүргізу
Елеулі
13
Жеке және заңды тұлғалардың балансындағы гидрогеологиялық ұңғымаларды жою немесе консервациялау құрылғыларымен жабдықталуы, оның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар
Елеулі
14
Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiнде және аймақтарында орналасқан жер учаскелерiндегі шаруашылық және өзге де қызмет режимiне қойылатын талаптарды жеке және заңды тұлғалардың сақтауы
Елеулі
15
Бұрғылау және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде жерасты суы бар жиектердi өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтау, уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қабылдау
Елеусіз
16
Жер асты суларына мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген мониторингі ұйымдастыру және жүргізу жобасына сәйкес жүргізіледі
Елеусіз
17
Барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлау
Елеусіз
2. «Шағымдардың болуы» ақпарат көзі бойынша
1
Су ресурстарын ұтымды пайдаланбау, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау фактісі бойынша бір және одан көп шағымдардың болуы
Өрескел
2
Су ресурстарын су пайдалануға арналған рұқсат құжаттарынсыз пайдалану фактісі бойынша
бір немесе одан көп шағымдардың болуы
Өрескел
3
Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы
Елеулі
4
Су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларының, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiнің зақымдалуы, су қорғау және су шаруашылығы белгілерін жою фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы
Елеулі
5
Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы фактісі бойынша бір немесе одан көп шағымдардың болуы
Елеусіз
3. «Мемлекеттік органдардан алынған ақпарат» ақпарат көзі бойынша
1
Су объектiлерiн заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау туралы ақпараттардың түсуі
Өрескел
2
Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi туралы ақпараттың түсуі
Өрескел
3
Су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын ұтымды, мақсатты пайдалану туралы ақпараттардың түсуі
Елеулі
4
Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы туралы ақпараттың түсуі
Елеусіз
4. «Есептілік» ақпарат көзі бойынша
1
Мемлекеттiк су кадастрының есептiлiгiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларының есебін тапсырмау
Өрескел
2
Мемлекеттiк су кадастрының есебi мен есептiлiгiнің, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларының деректерiн бұрмалау
Елеулі
3
Судың бастапқы есебiнен алынған тоқсандық ақпаратты ұсынбау
Елеусіз

2 Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 19-2/645
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 579 бірлескен бұйрығына
2 – қосымша
нысан
Тексеру парағы
___________________________________________________________________________ саласында
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңына қосымшаға сәйкес)
___________________________________________________________________________ қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________
___________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт
___________________________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН)____________________________
Орналасу орны______________________________________________________________
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес
ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес
кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Су ре­сур­ста­рын ұтым­ды пай­да­ла­ну­ды қам­та­ма­сыз ете­тін рұқ­сат құ­жа­ты­ның та­лап­та­рын сақ­тау және су ысы­ра­бын қы­сқар­ту ша­ра­ла­рын қа­был­дау
2
Бел­гi­лен­ген су пай­да­ла­ну ли­мит­терiн, рұқ­сат етiл­ген кө­лем­дерiн мен ре­жим­дi сақ­тау
3
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­рын және қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну неме­се қол­да­ну су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­рын пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді
4
Су пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат құ­жат­та­ры­ның бо­луы
5
Жер үстi және жер асты су­ла­ры­нан су жи­нау ала­ңы­ның ла­ста­нуы­на жол бер­меу
6
Су объ­ек­тiлерiнiң ла­ста­нуын, қо­қы­ста­нуын және сар­қы­луын, су объ­ек­ті­ле­ріне зи­ян кел­ті­ру­ді бол­дыр­мау жө­нін­де­гі су қор­ғау іс-ша­ра­ла­ры жүр­гі­зі­ле­ді
7
Ар­найы су пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат­та ай­қын­дал­ған және су пай­да­ла­ну­дың ли­ми­тін анық­тау ке­зін­де ке­лі­сі­л­ген су пай­да­ла­ну шар­тта­рын орын­дау бел­гi­лен­ген мерзiм­дер­де жүр­гі­зі­ле­ді
8
Су пай­да­лан­ға­ны үшiн тө­лем­дер­дiң уақ­ты­лы жү­зе­ге асы­ры­луы
9
Сар­қын­ды және кол­лек­тор­лық су­лар­дың су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры­ның және ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын су тар­ту, су жi­бе­ру қон­дыр­ғы­ла­ры­ның өл­шеу құ­рал­да­ры­мен және су өл­шеу ас­пап­та­ры­мен жаб­дық­та­луы
10
Гид­ро­ме­ли­о­ра­ци­я­лық жүй­енiң, су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­сы пас­пор­ты­ның бо­луы
11
Бұр­ғы­лау және бар­лау жұ­мыста­ры­на ке­лі­сім­нің бо­луы
12
Су ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну­ды есеп­ке алу­ды жүр­гі­зу
13
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ба­лан­сын­да­ғы гид­ро­гео­ло­ги­я­лық ұң­ғы­ма­лар­ды жою неме­се
кон­сер­ва­ци­я­лау құ­ры­л­ғы­ла­ры­мен жаб­дық­та­луы, оның iшiн­де өздi­гi­нен тө­гiлетiн және бар­лау,
сон­дай-ақ пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз неме­се пай­да­ла­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған ұң­ғы­ма­лар
14
Су объ­ек­тiлерiнiң су қор­ғау бел­де­улерiн­де және ай­мақ­та­рын­да ор­на­лас­қан жер учас­ке­лерiн­де­гі
ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет ре­жи­мiне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды же­ке және заң­ды
тұ­лға­лар­дың сақ­та­уы
15
Бұр­ғы­лау және бас­қа да жұ­мыстар­ды жүр­гi­зу кезiн­де же­ра­с­ты суы бар жи­ек­тер­дi өздi­гi­нен
тө­гiлетiн және бар­лау ұң­ғы­ма­ла­рын рет­те­ушi құ­ры­л­ғы­лар­мен және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­мен
жаб­дық­тау, уәкiлет­тi ор­ган­мен келiсiл­ген жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы­на сәй­кес жер асты су­ла­рын
қор­ғау жөнiн­де­гi бас­қа да ша­ра­лар­ды қа­был­дау
16
Жер асты су­ла­ры­на мо­ни­то­ринг Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген
тәр­тіп­те әзір­лен­ген және ке­лі­сі­л­ген мо­ни­то­рин­гі ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу жо­ба­сы­на сәй­кес
жүр­гі­зі­ле­ді
17
Бар­лық ава­ри­я­лық жағ­дай­лар мен су пай­да­ла­ну­дың тех­но­ло­ги­я­лық ре­жи­мiнiң бұ­зы­луы ту­ра­лы
тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­ры­на және об­лы­стың
(рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на де­реу
ха­бар­лау
18
Су ре­сур­ста­рын ұтым­ды пай­да­лан­бау, су ысы­ра­бын қы­сқар­ту ша­ра­ла­рын қа­был­дау фак­ті­сі
бой­ын­ша бір және одан көп ша­ғым­дар­дың бол­мауы*
19
Су ре­сур­ста­рын су пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат құ­жат­та­рын­сыз пай­да­ла­ну фак­ті­сі бой­ын­ша
бір неме­се одан көп ша­ғым­дар­дың бол­мауы*
20
Заң­сыз су ұң­ғы­ма­сын бұр­ғы­лау және жер асты су­ла­ры­ның су тар­ту то­ған­да­рын са­лу фак­ті­сі
бой­ын­ша бір неме­се одан көп ша­ғым­дар­дың бол­мауы*
21
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры мен қон­дыр­ғы­ла­ры­ның, сон­дай-ақ су­мен жаб­дық­та­удың
өрт­ке қар­сы жүй­е­лерi­нің за­қым­да­луы, су қор­ғау және су ша­ру­а­шы­лы­ғы бел­гі­ле­рін жою
фак­ті­сі бой­ын­ша бір неме­се одан көп ша­ғым­дар­дың бол­мауы *
22
Бел­гі­лен­ген су серви­тут­та­ры­ның бұ­зы­луы фак­ті­сі бой­ын­ша бір неме­се одан көп ша­ғым­дар­дың
бол­мауы*
23
Су объ­ек­тiлерiн заң­сыз ба­сып алу, заң­сыз су пай­да­ла­ну, су пай­да­ла­ну құқы­ғын қай­та та­быст­ау
ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­дың бол­мауы **
24
Су­ды ла­ста­ну­дан, қо­қы­ста­ну­дан және сар­қы­лу­дан қор­ғауды, сон­дай-ақ су ре­жи­мiнiң жай-күй­iн
жақ­сар­ту­ды қам­та­ма­сыз ететiн гид­ро­тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық, ор­ман-ме­ли­о­ра­ци­я­лық,
са­ни­та­ри­я­лық және бас­қа да iс-ша­ра­лар­дың жүр­гiзiл­ме­уi ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бол­мауы**
25
Су объ­ек­тiлерi­нен өн­дiрiл­ген неме­се бөлiн­ген жер асты және жер үстi су­ла­рын ұтым­ды, мақ­сат­ты пай­да­ла­ну ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­дың бол­мауы**
26
Бел­гі­лен­ген су серви­тут­та­ры­ның бұ­зы­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бол­мауы**
27
Мем­ле­кет­тiк су ка­даст­ры­ның есеп­тiлi­гiн, су ре­сур­ста­рын ке­шен­дi пай­да­ла­ну мен қор­ғау схе­ма­ла­ры­ның есе­бін тап­сы­ру***
28
Мем­ле­кет­тiк су ка­даст­ры­ның есебi мен есеп­тiлi­гi­нің, су ре­сур­ста­рын ке­шен­дi пай­да­ла­ну мен қор­ғау схе­ма­ла­ры­ның де­ректерiн тап­сы­ру***
29
Су­дың ба­стап­қы есебi­нен алын­ған тоқ­сан­дық ақ­па­рат­ты тап­сы­ру ***
* осы талап «Шағымдардың болуы» ақпарат көзі болған кезде қолданылады.
** осы талап «Мемлекеттік органдардан алынған ақпарат» ақпарат көзі болған кезде қолданылады.
*** осы талап «Есептілік» ақпарат көзі туралы болған кезде қолданылады.
Лауазымдық тұлға (тұлғалар)
_______________________ _______________ _______________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болган жағдайда))
_______________________ _______________ _______________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болган жағдайда))
Тексерілетін субъектінің жетекшісі
_______________________ _______________ ______________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ) (ҚОЛЫ) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қолданыстағы