О внесении изменений в некоторые решения Зайсанского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Зайсанского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36-2/1
- Қабылданған күні
- 10.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2015 93663_22425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VK004100
- ЭКБ идентификаторы
- 93663
- Редакция идентификаторы
- 93663_22425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:10
0 Зайсан аудандық мәслихатының
кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Зайсан аудандық мәслихатының төмендегі шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі №13-3/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-97 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы №25 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тілі мәтінідегі тақырыбы және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларын», «ставкалары» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2
2) «Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына және жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №17-6/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-109 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 6 ақпандағы №6 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тілі мәтінідегі тақырыбы және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларына», «ставкасына» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелеріне», «мөлшерлемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.