Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 03.07.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2015 93729_23037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DD003340
- ЭКБ идентификаторы
- 93729
- Редакция идентификаторы
- 93729_23037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:14
0 Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2
2. «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу туралы»
№ 246 қаулысына қосымша
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Е.Маманұлы көшесіндегі № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 кірпіштен салынған жеті жалдамалы тұрғын үйлердің
бір шаршы метр үшін төлем ақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынандай көрсеткіштер қолданылды:
А – кондоминиум обектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай – ақ жер учаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р
Ц = 5 527 061 теңге/68,2 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) 81 041,1 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың құны (теңге)
Т = 100 жыл;
Р = 0 теңге.
А = 81 041,1: 100 :12 + 0 = 67,53 теңге бір шаршы метр үшін айына.