Об утверждении Правил проведения мониторинга хлопкового рынка Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________Б. Сұлтанов 2015 жылғы 1 шілде «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 20 шілде
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/582 бұйрығымен бекітілген Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және мақта нарығына мониторинг жүргізудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мақта нарығына қатысушылар – шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мақта нарығының мониторингi (бұдан әрі – мониторинг) – мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткiзудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 3
3) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) мониторинг объектілері – мақта нарығына қатысушылардағы шитті мақта және оның бастапқы өңдеу өнімдері (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары).
Тармақ 3
3. Мониторингті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Мақта нарығына мониторинг жүргізу тәртібі
2. Мақта нарығына мониторинг жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Мониторинг кезеңдері:
Тармақша 1
1) деректерді жинау;
Тармақша 2
2) деректерді өңдеу;
Тармақша 3
3) деректерді талдау.
Тармақ 5
5. Мониторинг деректері мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы;
Тармақша 2
2) мақта егіс алаңдарының көлемі;
Тармақша 3
3) өнімділік болжамы;
Тармақша 4
4) нақты өнімділікті, рефакцияны көрсете отырып, іс жүзіндегі және кондициялық салмақ бойынша шитті мақта өндірудің көлемі;
Тармақша 5
5) барлық санаттағы шаруашылықтарда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы;
Тармақша 6
6) мақта өңдеу ұйымдарының, мақта тазалау зауыттарының, мақта дайындау ұйымдарының және мақта қабылдау пункттерінің саны;
Тармақша 7
7) экспорт режимiнде ресiмделген мақта талшығының салмағы және статистикалық құны.
Тармақ 6
6. Мақта нарығына қатысушылар Заңның 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi органмен бекітілетін есепке алу құжаттарының нысандары және ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – есептілік нысаны) бойынша айына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ауданның жергілікті атқарушы органына мынадай:
Тармақша 1
1) мақта нарығына қатысушыларда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы;
Тармақша 2
2) мақта дайындау ұйымдарында шитті мақтаның қозғалысы және мақта өңдеу ұйымдарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң қозғалысы туралы;
Тармақша 3
3) мақта дайындау ұйымдарындағы шитті мақтаның сапалық жай-күйі және мақта өңдеу ұйымдарындағы шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапалық жай-күйі туралы ақпарат береді.
Тармақ 7
7. Ауданның жергілікті атқарушы органы мақта нарығына қатысушылар ұсынған осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мониторинг деректері бойынша шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң барлық санаттағы шаруашылықтарда бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік нысаны бойынша ақпаратты жасайды және оны айына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 11-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Тармақ 8
8. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы жылына екi рет, егін егу және жинау жұмыстары аяқталғаннан кейiн күнтізбелік бес күн өткен соң, жергiлiктi атқарушы органға мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы есептілік нысаны бойынша ақпаратты ұсынады.
Тармақ 9
9. Мақта нарығына қатысушылардан мақта өнімділігінің болжамы туралы мониторинг деректерін жинауды кейін жиналған ақпаратты есептілік нысаны бойынша жергiлiктi атқарушы органға бере отырып, ауданның жергiлiктi атқарушы органы жылына бiр рет егін жинау жұмыстары алдында жүргізеді.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары берген мониторинг деректерін өңдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы деректерді өңдеу барысында жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған мынадай көрсеткіштер бойынша қортынды шығарады:
Тармақша 1
1) мақта нарығына қатысушыларда есепті онкүндіктің басында және соңында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы;
Тармақша 2
2) есепті онкүндікке жаңа жиналған егіннен шитті мақтаның кірісі;
Тармақша 3
3) есепті онкүндікке басқа облыстардан және импорттан қайта өңдеуден алынған шитті мақтаның қайта өңдеу өнімдерінің кірісі;
Тармақша 4
4) басқа облыстарға және экспортқа қайта өңдеуге, тиеп-жөнелтуге есепті онкүндікке шитті мақтаның шығысы;
Тармақша 5
5) басқа облыстарға және экспортқа тиеп-жөнелтуге облыс ішіндегі есепті онкүндікке шитті мақтаны қайта өңдеу өнімдерінің шығысы. Шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган шитті мақтаның теңгерімін және шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің теңгерімін жасайды, соның негізінде облыс бойынша барлық шаруашылық санаттарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты есептілік нысаны бойынша қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы мониторинг деректерін өңдеу барысында жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған есептерді есепке қоса берілген мақта нарығына қатысушылардың тізімімен салыстырып тексеруді жүргізеді және облыс бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтайды. Мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган есептілік нысаны бойынша ақпарат жасайды.
Тармақ 13
13. Мақта өнімділігінің болжамы туралы мониторинг деректерін өңдеу барысында жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергілікті атқарушы органдары берген ақпаратты жинақтайды, мақта себілген алаңдар бойынша және жинауға жататын алаңдар бойынша деректерді қосындылайды, мақтаның орташа өнімділігін және облыс бойынша күтілетін жалпы өнімді есептейді. Мақта өнімділігінің болжамы туралы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган жылына бiр рет егін жинау жұмыстары басталар алдында есептілік нысаны бойынша ақпарат жасайды.
Тармақ 14
14. Мониторинг деректерін өңдегеннен кейін жергiлiктi атқарушы орган оларды талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Барлық шаруашылық санаттарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы мониторинг деректерін талдауды жергiлiктi атқарушы орган тиісті мониторинг деректерін өңдегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде айына бір рет жүргізеді. Талдау жүргізу барысында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң кірісі және шығысының, шиттi мақтаны бастапқы қайта өңдеудің көлемдері бойынша және алынған мақта талшығы, мақта тұқымы, мақта линтi, талшықты қалдықтар саны бойынша деректер сипатталады.
Тармақ 16
16. Мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы мониторинг деректерін талдауды жергiлiктi атқарушы орган тиісті мониторинг деректерін өңдегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде жүргізеді. Талдау жасау барысында алдыңғы есепті кезең деректерімен салыстыру бойынша мақта нарығына қатысушылар санының ұлғаю немесе кему серпіні байқалады.
Тармақ 17
17. Мақта өнімділігінің болжамы туралы мониторинг деректерін талдауды жергiлiктi атқарушы орган егін жинау жұмыстары басталар алдында жылына бір рет жүргізеді. Талдау жүргізу барысында мақтаның күтілетін өнімділігін қалыптастыруға әсер ететін орын алған жағдайларға сипаттама беріледі.
Тармақ 18
18. Республика бойынша мониторинг деректерін талдау үшін есептілік нысаны бойынша экспорт режимiнде ресiмделген мақта талшығының салмағы және статистикалық құны туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан жергiлiктi атқарушы органмен айына бір рет ақысыз негізде алынатын мәліметтер пайдаланылады.
Тармақ 19
19. Мониторинг нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган жиынтық ақпаратты жылына екi рет, егін егу және жинау жұмыстары аяқталғаннан кейiн күнтізбелік он күн өткен соң уәкілеті органға ұсынады.
Тармақ 20
20. Республика бойынша жиынтық ақпаратта көрсетілген мониторинг деректері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және мақта нарығына қатысушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.