Об образовании избирательных участков на территории Созакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании избирательных участков на территории Созакского района
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 26.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2018 93742_373499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UL003336
- ЭКБ идентификаторы
- 93742
- Редакция идентификаторы
- 93742_373499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:34
0 Созақ ауданының аумағында
сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2 2. Созақ ауданы әкімінің 2012 жылғы 28 тамыздағы №35 «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2098 тіркелген, 2012 жылғы 8 қыркүйектегі аудандық «Созақ үні» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Созақ аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________Ә.Мұсаұлы
26 тамыз 2015 жыл
5 Созақ ауданы әкімінің
2015 жылғы 26 тамыздағы
№32 шешіміне қосымша
Созақ ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 740 сайлау учаскесі
Орналасқан жері–Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекені, №13 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Иманов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Абай елді мекені
№ 741 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекені, №18 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Балдысу елді мекені
№ 742 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекені, №21 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қарабұлақ» бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Қарабұлақ елді мекені
№ 743 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекені, №21 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жеткеншек» бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ескі ғимараты
Шекарасы: Жеткіншек елді мекені
№ 744 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы-2 көшесі, №3 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің Ұзынбұлақ, Қарасуан, Қызыләскер, Жаманай, Шабыр, Қоянбұлақ, Төбеқұдық мал жайылымдары мен А.Жынысбаев, Н.Төреқұлов, Ү.Тастанов, С.Сиязбеков, Жібек жолы-2, М.Әуезов, С.Әбуов, М.Төлебаев, Т.Сүннетов, Т.Тоқбергенов, Б.Момышұлы, С.Мұханов, Ә.Оспанов, С.Қожанов, Қ.Рүстемов көшелері
№ 745 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Ә.Молдағұлова-2 көшесі, №32 ғимарат «Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелерінің Абылайхан көшесіне дейінгі оңтүстік жақ бөлігі, Ә.Молдағұлова-2, Ш.Бекжанұлы-2, Ж.Қаламбаев, А.Спатаев, Жангелдин, Сұлтанбекхан, А.Аманжолов, кіші Балдысу, А.Рахышұлы көшелері және Жамбыл көшесінің батыс бөлігі
№ 746 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Абылай хан көшесі, №3 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Абылайхан, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Жайшыбеков көшелері және Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелерінің Абылайхан көшесінен кейінгі батыс жақ бөлігі, Жамбыл көшесінің оңтүстік бөлігі, М.Мәметова, Әйтеке би, Ж.Меймандосов, Төле би, Қ.Сәтпаев, Ш.Қалдаяқов, Теріскей, Б.Ахметов көшелері, Жібек жолы-1 көшесінің батыс жағындағы бөліктері
№ 747 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі-1, №5 ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ж.Ерімбетов, С.Төлендиев, П.Маханов, Ж.Қарғабаев, З.Темірбекова, С.Тоқпанбетов, Б.Өтешов, Е.Өмірбеков, Т.Аймұрзаев, К.Тұрымбеков, А.Мырзалиев, А.Әмзеев, О.Анарбеков, Ә.Зейілбекұлы, С.Еспенбетов, А.Иманов, І.Кеңесбаев, Ы.Алтынсарин, Т.Әубәкіров, Абай, Жібек жолы-1 көшелері, Ақшам мөлтек ауданы, Жібек жолы-1 көшесінің оңтүстік жағындағы бөліктері
№ 748 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе елді мекені, С.Сейфуллин көшесі, 20 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Жартытөбе елді мекені, Комсомол және құм өңірі мал жайылымдары
№ 749 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекені, Қ.Арқабаев көшесі, 34 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Аққолтық елді мекені және Таскөмірсай жылыту бекеті
№ 750 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Бабата елді мекені, А.Сайлаубекұлы көшесі, 7 ғимарат, ауылдық клуб
Шекарасы: Бабата елді мекені
№ 751 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, Қ.Берденұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасы
Шекарасы: Құмкент елді мекенінің Абай, Құмкент, К.Берденұлы, Ж.Есіркепұлы, Жамбыл, Жылыбұлақ көшелері және мал жайылымдары
№ 752 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл елді мекені,
Қ.Төлеуұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат ауылдық клуб
Шекарасы: Қызылкөл елді мекені
№ 753 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, Қ.Берденұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кіре берістегі дәлізі
Шекарасы: Құмкент елді мекенінің Тасарық, Амангелді, Қызылқанат көшелері
№ 754 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ елді мекені, Т.Момбеков көшесі, 21 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Қозмолдақ және Басбұлақ елді мекендері
№ 755 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Сызған елді мекені, Мектеп көшесі, №9 Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Сызған елді мекені
№ 756 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Қайнар елді мекені, Ж.Әділбеков көшесі, №29 Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Макаренко атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Қайнар елді мекені, Мардан ата
№ 757 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, С.Мәтенбаев көшесі нөмірсіз үй, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Созақ елді мекені, Б.Абдраманов, Абай, Қ.Сәтпаев, С.Сейфуллин, Қ.Юсупов, Жаңа құрылыс, С.Мәтенбаев көшелері, Ж.Өткелбаев көшесінің батыс және Рысбек көшесінің солтүстік бөліктері
№ 758 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, Ә.Науайы көшесі нөмірсіз үй, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Науайы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Шілменбет би, Ә.Науайы, Қ.Тоқмұхамбетов, Белгібай қажы, С.Насурлаев, М.Мәметова, Суықбұлақ көшелері мен Рысбек көшесінің оңтүстік бөлігі және оңтүстік тау бөктеріндегі мал жайылымдары
№ 759 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Көктөбе елді мекені, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Суындық жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Көктөбе елді мекені, мал жайылымдары
№ 760 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Ыбырай елді мекені Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Ыбырай, Қақпансор елді мекені, мал жайылымдары
№ 761 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, М.Әуезов көшесі нөмірсіз үй, «№ 1 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Шекарасы: Ж.Жабаев, Амангелді, Құрманғазы, М.Әуезов, Б.Әлібаев, Б.Қожамбердиев көшелері мен Ж.Өткелбаев көшесінің шығыс бөлігі мен мал жайылымдары
№ 762 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр елді мекені, Үсенбай көшесі, 32 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қарағұр» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Қарақұр елді мекені
№ 763 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Раң елді мекені Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Раң ата елді мекені
№ 764 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Шаға елді мекені, С.Бақбергенов көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Шаға елді мекені
№ 765 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Бақырлы елді мекені, Жиенбет батыр көшесі, 14 ғимарат ауылдық клуб
Шекарасы: Бақырлы елді мекені
№ 766 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе елді мекені,
ауылдық клуб
Шекарасы: Ақсүмбе елді мекені, өндіріс орындары
№ 767 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Саржаз елді мекені, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Саржаз» негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Саржаз елді мекені
№ 768 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Б.Достайұлы көшесі нөмірсіз ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «С.Сейфуллин атынлағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Жуантөбе елді мекені
№ 769 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Ә.Жақсыбайұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат, ауылдық клуб
Шекарасы: Қоңыратарық елді мекені
№ 770 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Тасты ауылдық округі, Қазақстан көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Тасты елді мекені
№ 771 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Тасты ауылдық округі, Қылти елді мекені, Қылти медициналық бекеті мекені
Шекарасы: Қылти елді мекені
№ 772 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Шу ауылдық округі, Шу елді мекені, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Шу елді мекені
№ 773 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қыземшек кенті, 2-шағын аудан, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Қыземшек кенті, өндіріс орындары
№ 774 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекені Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Төлеген Момбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Тайқоңыр елді мекені, өндіріс орындары
№ 775 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Таукент кенті, 1-ықшам аудан, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекарасы: Таукент кенті, өндіріс орындары
№ 776 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кіре берістегі оң жақтағы бөлмелер
Шекарасы: Таукент кентіне баратын автокөлік жолының сол жақ бөлігі
№ 1011 сайлау учаскесі
Орналасқан жері-Таукент кенті, Жыныс елді мекені, І.Кеңесбаев көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кіре берістегі сол жақтағы бөлмелері
Шекарасы: Таукент кентіне баратын автокөлік жолының оң жақ бөлігі.