Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат городского маслихата"

Өзге акт · № 46/9 · қабылданған 03.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93867/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат городского маслихата" Күшін жойған Өзге акт ·№ 46/9 ·03.09.2015
06.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат городского маслихата"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 46/9 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат городского маслихата"
Атауы (қаз.)
"Қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46/9
Қабылданған күні
03.09.2015
Көрсетілген редакция
06.04.2016 93867_113824.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LA005141
ЭКБ идентификаторы
93867
Редакция идентификаторы
93867_113824
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:30

0 «Қалалық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы В.Құрманбековаға жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда қалалық мәслихатының

2015 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 46/9 шешімімен бекітілген
«Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ««Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

2 2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3 3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

4 4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1 1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

2 2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).

Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

5 5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6 6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

7 7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

8 8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады құрады.

9 9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

10 10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы болып Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы болып табылады.
Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында  көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2 2. Бағалау жүргізуге дайындық

11 11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3 3. Тікелей басшының бағалауы

12

12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4 4. Айналмалы бағалау

13 13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

14 14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің  2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

15 15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған айналмалы бағалау парағы оларды алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

16 16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында  көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.

17 17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5 5. Қызметшінің қорытынды бағасы

18 18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c
a - қызметшінің қорытынды бағасы,
b - тікелей басшының бағасы,
c - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

19 19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
33 балдан жоғары – «тиімді».

6 6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

20 20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1 1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2 2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3 3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4 4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

21 21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1 1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

1 1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

2 2) қызметшінің бағалау нәтижесін персоналды басқару қызметі санауда қате жіберілсе.

Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

22 22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

23 23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7 7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

24 24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25

25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

26 26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

48 «Қалалық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
нысан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: __________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ______________________________

Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға
(балл)
1
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
2
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
3
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
4
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
Таныстым:
Қызметші (тегі, аты, әкесінің аты) Тікелей басшы (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________ ______________________________________
күні _____________________________ күні _________________________________
қолы _____________________________ қолы _________________________________

49 «Қалалық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: __________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға
(балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

50 «Қалалық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
нысан
Бағалау жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасы
_________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)

Қызметшінің
тегі, аты, әкесінің аты
Тікелей басшының
бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
Комиссия қорытындысы:
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ______________________________ Күні: _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Комиссия төрағасы: _______________________________ Күні: ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Комиссия мүшесі: _______________________________ Күні: ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Қолданыстағы