Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел образования" акимата Костанайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел образования" акимата Костанайского района
- Атауы (қаз.)
- Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 469
- Қабылданған күні
- 01.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2016 93875_71388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NN005912
- ЭКБ идентификаторы
- 93875
- Редакция идентификаторы
- 93875_71388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:32
0 Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Әкімдіктің
2015 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 469 қаулысымен бекітілген
Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің осы Ережеге қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес ведомстволары бар.
3 3. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4
4. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5 5. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6 6. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7
7. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8 8. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Школьная көшесі, 40 үй.
10 10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11 11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14 14. Миссиясы: Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
15 15. Міндеттері:
1 1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16 16. Функциялары:
1 1) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
2 2) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
3 3) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
5 5) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
6 6) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
7 7) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
8 8) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
9 9) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
10 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомствоның функциялары:
1 1) кешкі (ауысымды) оқу нысаны, мектепке дейінгі тәрбиесі қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынады;
2 2) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17 17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1 1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2 2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18 18. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19 19. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20 20. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4 4. Мемлекеттік органның мүлкі
21 21. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22 22. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23 23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24 24. Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
51 Қостанай ауданы әкімдігінің
«Білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша
Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
тізбесі