Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости удобрений (за исключением органических)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости удобрений (за исключением органических)"
- Атауы (қаз.)
- "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 311
- Қабылданған күні
- 19.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2020 93931_447882.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15C0004521
- ЭКБ идентификаторы
- 93931
- Редакция идентификаторы
- 93931_447882
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:39
0 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. С. Жұмағазиевке жүктелсін.
4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 тамыздағы
№ 311 қаулысымен бекітілген
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 тіркелген стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 –тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Тиесілі субсидиялар:
1
1) ағымдағы жылы және (немесе) алдыңғы жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - ауылшартауарөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі - ауылшаркооперативі);
2 2) ағымдағы жылы және (немесе) алдыңғы жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыштарды өндірушілердің шоттарына аударылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама Стандартқа
1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4
4. Порталға Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс - қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және нәтижесі:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді немесе өтпелі өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды, бұдан әрі қалыптасқан төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.
Нәтижесі – өтінімді немесе өтпелі өтінімді қабылданғанын растау және төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдау;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Қазынашылық-Клиент» АЖ) жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
Нәтижесі – субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастыру және тиісті субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді немесе өтпелі өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды, бұдан әрі қалыптасқан төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау
8 8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы;
- портал арқылы тізілім деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін (бұдан әрі – Жеке кабинет):
1 1) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелу үшін ЭЦҚ болуы тиіс;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмысшыларының өзектендірілген тізімін жібереді.
жеке кабинетте тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1 1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –БСН), толық атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) мен тегі және бірінші басшының ЖСН;
3 3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтаның мекенжайы);
4 4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректемелері.
9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
процесс - субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім немесе өтпелі өтінім қалыптастырылады;
шарт - өтінім немесе өтпелі өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады;
1 - процесс көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды;
1 – шарт көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған жағдайда хабарлама көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетіне түседі;
- өтпелі өтінім ұсынған жағдайда хабарлама тыңайтқыш өндірушінің Жеке кабинетіне түседі;
2 - процесс көрсетілетін қызметті беруші «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүктейді;
2 – шарт төлем тапсырмаларын қалыптастыру және тиісті субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама.
10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
11
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) өзара іс-қимылдарының реттілігінің толық сипаттамасы, осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1- қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2- қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы