Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил перерасчета стоимости услуг по теплоснабжению с учетом фактической температуры наружного воздуха и возврата средств потребителям по результатам перерасчета

Бұйрық · № 599 · қабылданған 07.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-93942/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил перерасчета стоимости услуг по теплоснабжению с учетом фактической температуры наружного воздуха и возврата средств потребителям по результатам перерасчета Күшін жойған Бұйрық ·№ 599 ·07.08.2015
22.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил перерасчета стоимости услуг по теплоснабжению с учетом фактической температуры наружного воздуха и возврата средств потребителям по результатам перерасчета

Күшін жойған Бұйрық ·№ 599 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил перерасчета стоимости услуг по теплоснабжению с учетом фактической температуры наружного воздуха и возврата средств потребителям по результатам перерасчета
Атауы (қаз.)
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
599
Қабылданған күні
07.08.2015
Көрсетілген редакция
22.05.2020 93942_485479.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012070
ЭКБ идентификаторы
93942
Редакция идентификаторы
93942_485479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:47

0 Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник
2015 жылғы 7 тамыз

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 7 тамыз
№ 599 бұйрығымен бекітілген
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заң) 28-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді және сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) есепті кезең – тұтынылған жылу энергиясының есепке алынатын және тұтынушыға ақы төлеу үшін ұсынылатын уақыт кезеңі;

2 2) жылыту жүктемесі – уақыт бірлігі ішінде жылу тұтынатын қондырғы қабылдайтын жылу энергиясының мөлшері;

3 3) жылытуға жылу энергиясын тұтынудың есептік нормасы –Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес жылыту кезеңінде пәтер алаңының бір шаршы метрін жылытуға жылу энергиясын жылыту кезеңінде тұтыну нормасы (Гкал/м2);

4 4) жылу энергиясының шығысын есепке алу нүктесі – коммерциялық есепке алу аспабының көмегімен немесе ол болмаған кезде есептеу әдісімен жылу энергиясының шығысы анықталатын жылумен жабдықтау схемасының нүктесі;

5 5) температуралық кесте – энергия беруші ұйым жасаған және жергілікті атқарушы орган келіскен тұтынушының есепке алу торабында сыртқы ауаның температурасына қарай жылу тасымалдағыш температурасының өзгеру кестесі;

6 6) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрғын үйдің тұрғын алаңын да, тұруға жатпайтын алаңын да қоса алғанда, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке үй-жай;

7 7) тұрғын емес үй-жай – ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және т.б.) жеке үй-жай;

8 8) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарттың негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу тәртібі

3 3. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі (бұдан әрі – ОЖЖ) жылу энергиясын тұтынушыларды қосу технологиясымен және жылу тасымалдағыш көлігінің температуралық режимдерімен ерекшеленеді:

1 1) жылумен жабдықтау жүйелерінен ыстық суды тікелей тартатын су ОЖЖ - ашық жүйелер;

2 2) жергілікті (үй ішінде) немесе орталық (үйлердің тобына) жылу пункттерінде орналасатын ыстық сумен жабдықтаудың жылу алмастырғыштары бар су ОЖЖ – жабық жүйелер;

3 3) орталық жылу пункттерінде бу-су жылу алмастырғыштары арқылы су жылу желілерін қоса отырып, бу ОЖЖ.

Бұл ретте су ОЖЖ жылыту мен ыстық сумен жабдықтау
(бұдан әрі – ЫСЖ) қажеттіліктеріне жылу энергиясын біріктіріп екі құбырлы жүйе арқылы жіберу қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жылу қабылдағыштардың жылыту және желдетпе жүйелерінде үй-жайлар ішіндегі температураны реттейтін жеке автоматты құрылғылары болмаған жағдайда, сыртқы ауаның температурасына қарай жылыту жүктемесі бойынша жылу тасымалдағыштың температурасын реттеу қолданылады.

4 4. Жылуды жылытуға және ЫСЖ-ға біріктіріп жіберген кезде беруші құбыржолдағы желілік судың температурасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес:

жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін – кем дегенде 70°С;
жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін – кем дегенде 60°С деңгейінде айқындалды.

5

5. Жылыту жөнінде көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу кезінде беруші құбыржолдағы судың температурасы температуралық кесте өзгерісінің нүктесінен сыртқы ауа температурасының көтерілу жағына қарай жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін – 70°С және ашық жүйелері үшін – 60°С тұрақты тең қолданылады.

6

6. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелеріндегі жылу энергиясының шығысын есептеу нүктесіндегі ЫСЖ-да су температурасының реттегіштері болмаған жағдайда, практикада ЫСЖ-да пайдаланылатын беруші құбыржолдағы желілік су температурасының қайнамау шарттары бойынша ең жоғары мүмкіндігіне қол жеткізу кезінде температуралық кестені мәжбүрлі өзгерту қолданылады. Жылыту жөнінде көрсетілетін қызметті қайта есептеу кезінде беруші құбыржолдағы желілік судың осы температурасы 95°С тең болып қолданылады.

7 7. Сыртқы ауаның температурасы ұзақ уақыт – бес тәуліктен астам төмен болған кезде (беруші құбыржолдағы 95°С сәйкес келетін сыртқы ауаның температурасынан бастап) ЫСЖ жүйесін қайтарушы құбыржолға қосу ұсынылады.

8 8. Есепті кезеңдегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу кезінде барлық жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы ескеріледі.

9

9. Жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8887 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесін (бұдан әрі – Есептеу әдістемесі) қолдануды ескере отырып, жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтің отындық құрамдасы бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
– жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну нормалары бойынша қайта есептеу жүргізілетін, есепке алу аспаптары жоқ барлық тұтынушылар үшін айқындалатын тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 үшін қайта есептеу сомасы;
– заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жылу энергиясын өндіруге арналған тарифте ескерілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға ақы төлеуге ұсынылатын отын шығындары;
көп қабатты тұрғын үйлердің (КҚҮ) тұтынушылары үшін -
заңды тұлғалар және өзге де тұтынушылар үшін -
Q – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жылу энергиясын өндіруге арналған тарифте ескерілген энергия өндіруші ұйымның коллекторларынан жіберілетін жылу энергиясының көлемі (Гкал);
– Үлгі қағидаларға сәйкес есептік жолмен айқындалған тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 жылытуға есепті кезеңдегі жылу энергиясының есептік үлес шығысы (жылу энергиясын тұтыну нормасы) (Гкал/м²);
– Үлгі қағидаларға сәйкес есептік жолмен айқындалған тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 жылытуға есепті кезеңдегі жылу энергиясының нақты үлестік шығысы.
Табиғи монополия субъектісінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері және өзге қызмет бойынша шығындардың, кірістер мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебі болмаған жағдайда, қайта есептеу жылу энергиясының тарифі бойынша мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы
– Есептеу әдістемесін қолдануды ескере отырып, үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясының тарифі (теңге/Гкал).

10 10. Тұрғын және тұрғын емес үй-жай алаңының 1 м2 жылытуға есепті кезеңдегі жылу энергиясының нақты шығысы

мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
– Үлгі қағидаларға сәйкес есептік жолмен айқындалған (Гкал/м²), жылыту кезеңіндегі жылытуға жылу энергиясын тұтынудың есептік нормасы (Гкал/м²);
– есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасы (°С);
– есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның орташа өлшенген температурасы (°С);
– осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес есептелетін жылыту кезеңіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның орташа өлшенген есептік температурасы (°С);
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалатын есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа есептік температурасы, (°С);
– есепті кезеңдегі жылытуға жылу энергиясы тұтынылатын тәуліктердің нақты саны;
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалатын жылыту кезеңіндегі тәуліктердің жалпы саны.
Қайта есептеу үшін жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік нормативтерге (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы минус 30°С дейін аудандарда сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 8°С және жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы 30°С төмен аудандарда – 10°С кезінде қабылданады.

11 11. Есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасын

және есепті кезеңдегі сыртқы ауаның нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың ішіндегі ауаның орташа өлшенген температурасын
есептеу үшін сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер нысаны толтырылады, онда:
1-баған – есепті кезең айының күндері;
2-баған –
(«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – РМК) деректері бойынша қабылданатын сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы;
3-баған – q мәнін есептеу (жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы кезінде жылытуға жылу ағыны шамасының сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде жылу ағынының шығысына қатысы
мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
– тұрғын ғимараттардың ішіндегі есептік температура сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес үй-жайдың ішіндегі оңтайлы температура бойынша қабылданады;
– жылытуды жобалау үшін (неғұрлым суық бес күнде 0,92 қамтамасыз етіп) сыртқы ауаның есептік температурасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады;
4-баған –
мәнін есептеу, мұнда 0,8 көрсеткіш дәрежесі тұрғын ғимараттардағы жылытқыш құралдардың жылу беру коэффициентін ескереді;
5-баған – t₁ мәнін есептеу – тұтынушының есепке алу торабындағы температуралық кесте бойынша айқындалған беруші құбыржолдағы желілік судың есептік ағымдағы температурасы.
6-баған –
мәнін есептеу (сыртқы ауаның нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы) әр тәулік үшін төмендегідей жүргізіледі:
сыртқы ауа температурасының тұруы кезеңінде беруші құбыржолдағы есептік температураға сәйкес келетін сыртқы ауаның температурасынан төмен болған кезде
мәні жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін әр тәуілікке мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
– жылыту температуралық кестені мәжбүрлі кеміту қолданылатын, ЫСЖ-ға пайдаланылатын беруші құбыржолдағы желілік судың температурасы,
сыртқы ауа температурасының тұруы кезеңінде беруші құбыржолдағы есептік температураға сәйкес келетін сыртқы ауаның температурасынан жоғары болған кезде
онда tінақты әр тәуілікке мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
– жылыту температуралық кестені мәжбүрлі кеміту қолданылатын, ЫСЖ-ға пайдаланылатын беруші құбыржолдағы желілік судың температурасы, жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін
жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін
сыртқы ауа температурасының қалған кезеңдерінде оның орташа айлық нормаланатыннан жоғары болуына не оған тең болуына қарамастан
мәні әр тәуілікке мынадай формула бойынша есептеледі:

12 12. Осы Қағидаларға 1-қосымшаның нысаны бойынша кестеде есептелген деректерге сүйене отырып, мыналар анықталады:

1 1) есепті кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасы

мынадай формула бойынша:

2 2) есепті кезеңдегі іштегі ауаның орташа өлшенген нақты температурасы

мынадай формула бойынша:

13 13. Жылыту кезеңінде тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ауаның орташа өлшенген есептік температурасын есептеу үшін

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Көрсеткішті есептеу
Температуралық кесте
ашық / жабық ОЖЖ» кестесі толтырылады, онда:
1-баған – есептеуге қажетті жылыту кезеңінің көрсеткіштері мен айлардың атауы;
2-баған –
(сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданатын жылыту кезеңінің айлары бойынша сыртқы ауаның есептік орташа айлық температурасы және есептік көрсеткіштер
3-баған – q мәнін есептеу мынадай формула бойынша:
мұндағы:
– тұрғын ғимараттардың ішіндегі ауаның есептік температурасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады;
– жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы (неғұрлым суық бес күн) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады;
4-баған –
мәнін есептеу;
5-баған – t₁ мәнін есептеу (жылыту кестесі бойынша беруші құбыржолдағы желілік судың ағымдағы температурасы
6-баған –
(жылыту кезеңінің айлары бойынша тәуліктің есептік саны, оның ұзақтығы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қабылданады);
7-баған – жылыту кезеңінің айлары бойынша
көбейтіндісі,
мұндағы
– жылыту кезеңінің айлары бойынша сыртқы ауаның есептік орташа айлық температурасы кезінде айқындалатын тұрғын және тұрғын емес үй-жай ішіндегі ішкі ауаның есептік орташа айлық температурасы

14 14. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Көрсеткішті есептеу

Температуралық кесте
ашық / жабық ОЖЖ» кестесінде есептелген деректерге сүйене отырып жылыту кезеңіндегі іштегі ауаның орташа өлшенген есептік температурасы
мынадай формула бойынша айқындалады:

15 15. Қайта есептеу есепті кезеңге не күнтізбелік жылға жасалады, қайта есептеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кесте толтырылады.

3 3. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару тәртібі

16

16. Заңның 7-бабының 26) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тұтынушыларға тікелей не тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге кейіннен ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға міндетті.

17 17. Өткен жылыту кезеңі ішінде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету берілген шоттардағы төлем сомасын қайта есептеу шамасына төмендету жолымен жүргізіледі.

18 18. Қайта есептеу нәтижесінде есептелген қаражатты қайтару тұтынушының жеке шотында көрсетіледі және аванс түрінде (сальдо) жеке жолда жазылады.

1 Сыртқы ауаның нақты температурасын

ескере отырып, жылумен жабдықтау
бойынша көрсетілетін қызметтердің
құнын қайта есептеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________________
(есепті кезең)
сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен
жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу деректері
Тұтынушы __________________________________________________
Өнім беруші _______________________________________________
Кесте
Температуралық кесте
ашық / жабық ОЖЖ
Есепті кезең (ай, жыл)
Ай күндері
q
t₁
1
2
3
4
5
6
1
х
х
х
х
х
2
х
х
х
х
х
3
х
х
х
х
х






31
х
х
х
х
х
Жиыны
х
х
х
х

2 Сыртқы ауаның нақты температурасын

ескере отырып, жылумен жабдықтау
бойынша көрсетілетін қызметтердің
құнын қайта есептеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кесте
Көрсеткішті есептеу
Температуралық кесте
ашық / жабық ОЖЖ
Атауы
q
t₁
1
2
3
4
5
6
7
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
х
қаңтар
х
х
х
х
х
х
ақпан
х
х
х
х
х
х
наурыз
х
х
х
х
х
х
сәуір
х
х
х
х
х
х
мамыр
х
х
х
х
х
х
қыркүйек
х
х
х
х
х
х
қазан
х
х
х
х
х
х
қараша
х
х
х
х
х
х
желтоқсан
х
х
х
х
х
х
Жиыны
х
х
х
Ескертпе:
кезінде және
кезінде
айқындау беруші құбыржолдағы тиісті температураға жеткенге дейін іріктеу әдісімен жүргізіледі (t₁).

3 Сыртқы ауаның нақты температурасын

ескере отырып, жылумен жабдықтау
бойынша көрсетілетін қызметтердің
құнын қайта есептеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
________________________________________
(есепті кезең)
ішінде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу
Тұтынушы______________________________________________________________
Өнім беруші __________________________________________________________
Кесте
Кезең
Ауытқу
(+ / -),
Гкал/ м²
Тарифтің отындық құрамдасы не жылу энергиясына тариф, теңге/ Гкал
Қайта есептеу
(+ / -), теңге/м²
1
2
3
4
5
6
Жыл
х
х
х
х
х
қаңтар
х
х
х
х
х
ақпан
х
х
х
х
х
наурыз
х
х
х
х
х
сәуір
х
х
х
х
х
мамыр
х
х
х
х
х
қыркүйек
х
х
х
х
х
қазан
х
х
х
х
х
қараша
х
х
х
х
х
желтоқсан
х
х
х
х
х
Жиыны
х
х
х
х
х

Қолданыстағы