Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 230
- Қабылданған күні
- 24.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 93995_461162.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0004054
- ЭКБ идентификаторы
- 93995
- Редакция идентификаторы
- 93995_461162
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:36
0 «Денсаулық сақтау саласының
кадрларын даярлықтан өткізу,
олардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау туралы құжаттарды
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2
2. 2014 жылғы 28 қазандағы №272 «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3692 тіркелген, 2014 жылғы 20 желтоқсандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ.М.Ирменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және
бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М.Мәкенге жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2015 жылғы 24 тамыздағы №230 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №297 «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда №11303 тiркелдi) бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы №691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5904 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ережелер) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар немесе Стандарттың 10-1 тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
даярлықтан өту кезінде:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді, тіркеу өтінішінің көшірмесіне тіркеуден өткен күні мен уақыты көрсетілген белгі қояды;
құжаттар толық көлемде берілген жағдайда құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тартады.
Нәтиже – құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы дәлелді жауап береді;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 13 (он үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасын қарайды:
ұсынылған құжаттар және (немесе) онда көрсетілген ақпараттар күмәнді екені анықталған жағдайда оны қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда кадрлардың даярлықтан өткені туралы құжатты рәсімдейді.
Нәтиже – кадрлардың даярлықтан өткені туралы құжатты немесе қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадрлардың даярлықтан өткені туралы құжатқа қол қойып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тіркеуге береді.
Нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тіркеуге береді;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.
Нәтиже – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді.
кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткізу кезінде:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді, тіркеу өтініші көшірмесіне тіркеуден өткен күні мен уақыты көрсетілген белгі қояды:
тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тартады.
Нәтиже – құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді немесе көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту
туралы дәлелді жауап береді;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасын қарайды:
ұсынылған құжаттар және (немесе) онда көрсетілген мәліметтер күмәнді екені анықталған жағдайда, оны қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда Ереженің 1, 2 қосымшасына сәйкес кадрлардың біліктілік арттырғаны және қайта даярлықтан өткені туралы құжатты рәсімдейді.
Нәтиже – кадрлардың біліктілік арттырғаны және қайта даярлықтан өткені туралы құжатты немесе қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде кадрлардың біліктілігін арттырғаны және қайта даярлықтан өткені туралы құжатқа қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тіркеуге береді.
Нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тіркеуге береді;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді.
Нәтиже – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
7
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара әрекеттесуі реттілігінің толық сипаттамасы «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1, 2 қосымшаларына сәйкес бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
8 8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілмейді.
9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы
құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу туралы құжаттарды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(даярлаудан өткізу кезінде)
«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы
құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлықтан өткені туралы құжаттарды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткізу кезінде)