О повышении базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33/308
- Қабылданған күні
- 25.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2016 94014_49263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MA002838
- ЭКБ идентификаторы
- 94014
- Редакция идентификаторы
- 94014_49263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:35
0 Жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылату
туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2 2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.М. Бүркітбаев).
4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
______________ Ж.Роман
«___» _________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Ж.Серік
«___» _________ 2015 жыл