Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 27.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2015 94015_25006.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZM004063
- ЭКБ идентификаторы
- 94015
- Редакция идентификаторы
- 94015_25006
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:34
0 Коммуналдық меншікке келіп түскен
қараусыз қалған жануарларды келіп түсу
және пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.
2
2. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ш. Айтмұхамбетовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 2015 жылғы 27 тамыздағы № 118
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз
қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы қараусыз қалған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидаға сәйкес пайдаланылады.
2 2. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсу тәртібі
3
3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түсетін қараусыз қалған жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілуі тиіс. Қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды тапсырған тұлғаның, «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы бөлімі) және «Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы бекітеді.
4 4. Қараусыз қалған жануарларды бағалау жүзеге асырылғаннан кейін қабылдау-беру актісі негізінде балансқа алу жүзеге асырылады.
3 3. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану тәртібі
5 5. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
1 1) мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына өтеусіз беру;
2 2) аукцион арқылы сату.
6
6. Қараусыз қалған жануарлар аудандық коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы қараусыз қалған жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
7 7. Қараусыз қалған жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
8
8. Қараусыз қалған жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен түсім немесе олардың құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл жағдайда қараусыз қалған жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.