О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 280-V
- Қабылданған күні
- 18.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2015 94091_24733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15TD000280
- ЭКБ идентификаторы
- 94091
- Редакция идентификаторы
- 94091_24733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:19
0 Аудандық мәслихаттың кейбір
шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 21-1-бабының 2-тармағына, «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №615 қаулысына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Исатай аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы №199-V «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2949 болып енгізілген, аудандық «Нарын таңы» газетінде 2014 жылғы 24 шілдеде №28 санында жарияланған) шешімі;
2
2) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы №222-V «Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3068 болып енгізілген, аудандық «Нарын таңы» газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда №2 санында жарияланған) шешімі;
3
3) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы №222-V «Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №241-V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3144 болып енгізілген аудандық «Нарын таңы» газетінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі №15 санында жарияланған) шешімі.