Кіру
Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата

Өзге акт · № 280-V · қабылданған 18.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94091/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата Қолданыста Өзге акт ·№ 280-V ·18.09.2015
18.09.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата

Қолданыста Өзге акт ·№ 280-V · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
280-V
Қабылданған күні
18.09.2015
Көрсетілген редакция
18.09.2015 94091_24733.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G15TD000280
ЭКБ идентификаторы
94091
Редакция идентификаторы
94091_24733
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:19

0 Аудандық мәслихаттың кейбір

шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 21-1-бабының 2-тармағына, «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №615 қаулысына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Исатай аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы №199-V «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2949 болып енгізілген, аудандық «Нарын таңы» газетінде 2014 жылғы 24 шілдеде №28 санында жарияланған) шешімі;

2) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы №222-V «Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3068 болып енгізілген, аудандық «Нарын таңы» газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда №2 санында жарияланған) шешімі;

3) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы №222-V «Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №241-V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3144 болып енгізілген аудандық «Нарын таңы» газетінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі №15 санында жарияланған) шешімі.

2. Осы шешімнің бір данасы облыстық әділет департаментіне жолдансын.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін бір данасы аудандық «Нарын таңы» газетіне жолдансын.

4. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы