Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур»
- Атауы (қаз.)
- «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 204
- Қабылданған күні
- 17.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2016 94143_85981.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15G0002781
- ЭКБ идентификаторы
- 94143
- Редакция идентификаторы
- 94143_85981
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:41
0 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау
арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және
көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын
жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау
арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен
егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3
3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №362 қаулысының 1 тармағы 6) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2522 болып тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанындағы «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы «17»тамызындағы
№204 қаулысымен бекітілген
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/423 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11705 болып тіркелген) бекітілген «Басым дақылдар өндіруді
субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі
егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт)
сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және аудандар
мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі –көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен өтініш беру болып табылады.
5 5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтаманы өтінімімен бірге қабылдайды - 30 (отыз) минуттан артық емес;
өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде.
Нәтижесі - ведомствоаралық комиссияның қарауына енгiзедi;
2 2) ведомствоаралық комиссия:
бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
өскіндердің болуын шолып тексереді - 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды - 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде.
Нәтижесі -оны ауданның және Тараз қаласының әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жолдайды;
3 3) әкім көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4 4) бөлімнің жауапты орындаушысы әкіммен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды басқармаға ұсынады - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
5 5) басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ресімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1 1) бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтаманы өтінімімен бірге қабылдайды;
өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi;
2 2) ведомствоаралық комиссия:
бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды;
өскіндердің болуын шолып тексереді;
тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды;
актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды;
3 3) әкім көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді;
4 4) бөлімнің жауапты орындаушысы әкіммен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды басқармаға ұсынады;
5 5) басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң, құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
1 1) бөлімнің жауапты орындаушысы;
2 2) ведомствоаралық комиссия;
3 3) әкім;
4 4) басқарманың жауапты орындаушысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің
(іс –қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық топтаманы өтінімімен бірге қабылдайды - 30 (отыз) минуттан артық емес;
өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
2 2) ведомствоаралық комиссия:
бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
өскіндердің болуын шолып тексереді - 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды - 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;
оны әкімге бекітуге жолдайды;
3 3) әкім көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4 4) бөлімнің жауапты орындаушысы әкіммен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды басқармаға ұсынады - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
5 5) басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады
- 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
4 4. Қорытынды ережелер
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.
41 Шартты белгілер:
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа датауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: