Құжат мәтініне өту

О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы

Өзге акт · № 367 · қабылданған 15.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94161/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы Қолданыста Өзге акт ·№ 367 ·15.09.2015
01.12.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы

Қолданыста Өзге акт ·№ 367 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
367
Қабылданған күні
15.09.2015
Көрсетілген редакция
01.12.2023 94161_669212.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15R0001206
ЭКБ идентификаторы
94161
Редакция идентификаторы
94161_669212
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:22

0 Алматы қаласының мұқтаж

азаматтарының жекелеген
санаттарына қалалық қоғамдық
көлікте (таксиден басқа) жолақы
жеңілдігін беру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін:

1 1) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға;

2 2) 75 жастан асқан зейнеткерлерге;

3 3) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

4 4) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға;

5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

2 2. Қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі берілсін:

1

2 2) күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беру

орындарының білім алушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне;
3) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;

4 4) көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар);

5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.

1

3 3. Осы қаулының қосымшасына

сәйкес, жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген
электрондық жол жүру картасы ұзақ пайдаланылатын карталары берілсін.

4 4. Алматы қаласының әкімдігі тасымалдаушылардың

әлеуметтік мәні бар маршруттарға және жеңілдік берілген жолаушылар
санаттарын тасымалдау қызмет көрсетуді іске асыруға байланысты
залалдарын өтеуді қарастырсын.

5 5. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

1

1) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 882 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешімі;

2

2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIII сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден баска) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 198 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1019 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 каңтарда «Алматы ақшамы» № 9 және «Вечерний Алматы» № 9-10 газеттерінде жарияланған) шешімі.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

18 V cайланған Алматы қаласы

мәслихатының XLIII сессиясының
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 367 шешіміне
қосымша
Алматы қаласының қалалық қоғамдық көлігінде(таксиден басқа) жүруге арналған жеңілдікберілетін электрондық жолжүру карталары менұзақ мерзім пайдаланылатын карталар

1

1. Тегін жүруге арналған (Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің және оларға теңестiрiлген адамның, 75 жастан асқан зейнеткердің, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланың, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаның) жеңілдік берілетін электронды жол жүру картасы.

2 2. Жол ақының 50 % төленетін жеңілдетілген электронды (көпбалалы

аналардың, жалпы білім беретін мектептердегі 15 жастан асқан оқушының,
жасына байланысты зейнеткердің, техникалық және кәсіби білім беретін оқу
орындарында оқитын білім алушының, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу
орны студентінің) жол жүру картасы.

3 3. Ұзақ пайдаланылатын жеңілдетілген (білім беретін мектептердегі

15 жастан асқан оқушының, жасына байланысты зейнеткердің, техникалық
және кәсіби білім беретін оқу орындарында оқитын білім алушының,
күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орны студентінің) жол жүру картасы.
Жеңілдетілген және жеңілдетілмеген электронды жол жүру карталары
құнының арасындағы айырма, тасымалдаушыларға жергілікті бюджет есебінен
бөлінетін қаражат шегінде өтеледі.

2

Қолданыстағы